Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаралы күн: Корольдерінен айырылған Таиланд тұрғындары көз жастарына ерік беруде (фото)

13 қазан күні 88 жасында қайтыс болған Таиланд королі Пхумипон Адульядетті еске алып жылап жатқан Таиланд тұрғындарында есеп жоқ. Осы кезде оның ұлы және мұрагері Маха Вачиралонгкорн күтпеген жерден өзінің тәж кигізу рәсімінен бас тартатынын мәлімдеді.

448

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Тақта 70 жыл бойы отырған король тарихтағы монархтардың ішіндегі ұзақ уақыт ел билеген адам болды.

2010

Оған деген халықтың да құрметі ерекше болды.

1913

Оның өлімі хабарланғаннан кейін тай халқы көшеге шығып, өкініштерін жасырмай, ағыл-тегіл жылады. Көп адам ол жатқан аурухананың алдына жиылып, еске алды.

Қазіргі таңда ел-жұрттың бар назары оның тағына кім отырады деген сауалға ауған.

Бұл ретте ханзада ел премьер-министріне тәж кигізуді тоқтату туралы өтініш білдірген еді.

1716

1522

 

Елдегі ұлттық телеарналар өздерінің бағдарламаларын тоқтатып, Пхумипон 1946 жылы таққа отырған сәтіндегі фотосуреттерден тікелей көрсетілім таратуда.

Елдегі азалы уақыт бір жылға созылатындықтан, алдағы 30 күн бойы ойын-сауықтық бағдарламалар көрсетілмейді.

“Таиланд ханзадасы менен аздаған дайындыққа уақыт сұрады. Ол халықпен бірге әкесін жоқтап көңіл білдіргісі келеді. Оның сөзінше, ол сөзсіз мұрагер. Бірақ, таққа отыру үшін біраз уақыт керек”, – деп мәлімдеді үкімет басшысы Прают Чан-Оча.

Көпшіліктің айтуынша, тәж кигізілу салтанатының кешіктірілуі тай монархиясына зиян келтіруі мүмкін.

64 жастағы тақ мұрагері үш рет үйленіп, үшеуінде де ажырасқан.

Біраз уақыт оның көңілдестері туралы да әңгіме шыққан.

731

2014 жылы король сарайында осы ханзада мен оның отбасы Фу-Фу деген итінің құрметіне арнайы кеш ұйымдастырған. Онда олар итке торт беріп, барлығы қосылып ән шырқайды.

834

Маха Вачиралонгкорн 1952 жылы туған және нағыз тақ мұрагері ретінде тәрбиеленген. Ол бір сұхбатында 12 жасқа толған кезде тіпті аяқ киімінің бауын байлай алмағанын, өйткені мұны қызметшілері жасап бергенін мойындаған еді. 14 жасында ол Англияға оқуға аттанған. Ол тай армиясының үш әскери түрі бойынша офицер болған. Ханзаданың оқуы Сиднейде жалғасқан.

Ол 1977 жылы Мом Луанг Соамсавали Китиякараға үйленеді. Бұл некеден Баджракитиябха ханшайым туған. Тоғыз айдан соң Ювадхид Полпрасет есімді актрисадан ұлды болды.

Дүниеден өткен король алты музыкалық аспапта ойнап, өнерге ерекше жақын жан болған.

Ол өз уақытында ең бай монарх және әлемдегі ең бай адамдардың бірі болды.

Ал соңғы он жылдықта денсаулығына байланысты ол ел алдына көп шықпады,

Талқылау