Қарақұсова: Айтқанымнан бас тартпаймын, тек эмоцияға берілгеніме өкінем (видео)

Жұма, 8 Сәуір , 2016 15:52

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова қоғамда дау тудырған “Пекин Палас” қонақүйінде бірқатар әріптестері уақытша тұрып жатқаны туралы айтқан пікіріне қатысты Today.kz тілшісіне сұқбат берді. Ол қонақүйде бір тәулік тұру кей журналистер айтқандай 120 мың емес, 29 мың теңге болғанын еске салды.

каракуссс

Қарақұсова ендігіде журналистер тобына сұқбат бермейтіндігін және жеке ғана тілдесуге уәде етті.

“Парламенттің шаруашылық басқармасы 29 мың теңге екенін көрсетті. Қазақстандықтардың қандай пікірде болғанын білмеймін (Қарақұсованың кешегі айтқанына байланысты), өйткені уақытым жоқ. Бізде жұмыс қауырт және жауапты, – дейді Қарақұсова “Пекин Палас” әріптестерінің ермегі болмағанын қоса айтып. – Ауыз ашпастан бұрын парламент шаруашылық басқармасының мәліметтерін аш, ол жерде тендер қашан өтетіндігі мен бағасы көрсетілген. Мен фактілерге сенем. Тендер болған. Депутаттар онда ары асса екі апта тұрған. Қазір көшіп жатыр”.

Депутаттың пікірінше, “қазіргі кезде әлеуметтік желілер, соның ішінде Facebook ақпаратты бұрмалау мен ішінен бір бөлігін ғана жұлып алу арқылы қоғамда шиеленіс тудырудың құралы болып барады”. Қарақұсова “тіл тигізу – қару емес, әлсіздіктің белгісі” екендігін айтады.

“Айтқан сөзімнен бас тартпаймын. Мен тек өзімнің эмоцияға беріліп кеткеніме өкінем. Мен барлығын дұрыс айтқанмын. “Қалай жұмыс атақарады” емес, “қайда жұмыс атқарады”. Бір сөзді ауыстырып жіберген. Адам қайда жұмыс істейді. Депутат та үкіметтің айнасы екендігін тағы да айтамын”, – дейді ол.

Ол өзінің қарапайым отбасынан шыққанын және алдымен министр, кейін депутат болған соң өзінің халыққа қызмет ететіндігін еш уақытта ұмытпағанын айтады. Гүлжан Қарақұсова интернет пайдаланушылардың оның туыстарын да қаралағанына қапаланғандығын жеткізді.

Дау тудырған “кім қалай қамтамассыз етілсе, солай жұмыс атқарады” деген сөзге қатысты “қалай” деген сөздің орнына “қайда” деген мағынада айтқанын жеткізді.

“Мен статус туралы айтқанмын: қалай жұмыс атқарады емес, қайда жұмыс атқарады. Депутаттар жөнді қонақүйде тұру керек, өйткені олардың уақыты тығыз, оларға іскерлік таңғы асқа, келісімге … келуі мүмкін. Олардың қай жерде өтетіні маңызды. Біз депутаттардың тұлғалары туралы емес, заңнамалық үкімет жайында айтып отырмыз. Қазір барлығы “Пекин Паласта” депутаттардың қандай бөлмелерде тұрып жатқандығын көрді – төсек, кішкене тумба мен ашылмайтын терезелер, яғни кішкене ғана стандартты бөлме. Түймедейді түйедей еткен. Бұл статус қой. Мен ештеме ойдан шығарғам жоқ, бұл әлемдік тәжірибе”, – деп түсіндірді ол.

Ол журналистерді сенсация артынан қумай, бірдеңе жазар кезде обьективті болуға және мәселені тереңірек біліп алуға шақырды.

“Қанша журналист болғанын көрдіңі бе? Олар 40 адам болды және әр қайсысы өз сұрағын қойды. Мен журналистерден қашпаймын, бірақ сол кезде кетіп қалу керек еді деп ойлаймын қазір. Егер сен түсінбесең келіп қайта сұра, мен түсіндіріп берем. Бірақ бұлай адам сыртынан сөйлеуге болмайды”, – дейді Қарақұсова.

“Жасағандары алдынан келер, басқа не айтам. Ендігіде мен жеке журналисен ғана тілдесемін. Болды”, – деп қорытындылады Қарақұсова.

Бұған дейін желіде Қарақұсованың әріптестері жатқан қонақ үйге қатысты пікірі  кеңінен талқыланып, тіпті дау тудырған еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар