Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақшылар Степногорск әкімдігі аппаратының басшысын ұрып кетті

Степногорск әкімі аппаратының басшысы ашық бассүйек-ми жарақатын алып, ауруханаға түскен.

118314

Ақмола облысында Степногорск қаласы әкімдігі аппаратының басшысына қарақшылық шабуыл жасалды, шенеунік ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады өңірдің құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Қарақшылық шабуыл 9 қыркүйек күні кешке болған.

Белгісіз біреулер ер адамға шабуыл жасап, ұрып, әмиянын алып кеткен. Зардап шегуші ашық бассүйек-ми жарақатын алып, миына зақым келіп, ауруханаға жатқызылды.

Степногорск орталық қалалық ауруханада хабарлағандай, Владимир Бессудныйдың жағдайы аса ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз:

Өскеменде өрт кезінде екі бала пәтер ішінде қалып кетті

ШҚО-да ұрылар бір отбасының екі мүшесін өлтіріп, қомақты ақшаны ұрлап кетті

Маңғыстау облысында тойдан қайтып келе жатқан бір отбасының 7 адамы жол апатынан көз жұмды

Талқылау