Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаракөз Тілеубекова: Халық әртісі атану үшін Американы дүр сілкіндіріп келуім керек шығар

Актриса әрі әнші Қаракөз Тілеубекова сахнада 30 жыл жүрсе де, әлі күнге дейін ешқандай марапатқа ұсынылмағанын айтты. Десе де халық оның бағасын біледі, тіпті, кейбіреулер оны халық әртісі санайды.

13584162_104459296655635_1648788521_n

Бұл туралы Астана арнасының «Сырласу» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Еңбегімнің неге еленбегенін білмедім, оны мен де ойлаймын. Әлі еңбегімді сіңірмеген шығармын не болмаса отырған адамдар соқыр шығар. Қатты айтып отырған шығармын қазір, бірақ естісін. Киноларға түсіп жатырмыз, Құдайға шүкір. Енді Еңбек сіңірген әртіс не Халық әртісі атағын алу үшін мен барып Американың дүр сілкіндіріп келуім керек шығар», – деп өкпесін жеткізді актриса.

Тілеубекованың айтуынша, ол халықтан өз бағасын алған.

«Ештен кеш жақсы. Бірақ халық мені Халық әртісі деп ойлайды. Халық берсе, бірінші баға сол біз үшін. Сен халық әртісі бола тұрып, сені бір адам танымаса, одан Құдай сақтасын. Сондықтан да мен еңбек сіңірдім, болдым демеймін. Әлі күнге дейін үйреніп келемін, білгім келетін нәрселер бар. Әлі де биіктен көрінгім келеді. Өйткені менің өмірім де, өнерім де – сахна», – деп түйіндеді сөзін ол.

Жіберіп алмаңыз:

“Шоқ қыздар” әнін енді орыстар ұрлап алды (видео)

Димаш Құдайбергенов Азияның ең үздік әншісі атағын иеленді (фото, видео)

Ақын Орал Байсеңгір Димаштың орындауындағы «Ұмытылмас күн» әнінің тарихын айтып берді

Айсәуле Бақытбек халықтан әкесі үшін көмек сұрады

Талқылау