Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаракөз Тілеубекова: Ашуымды кітап оқып, еден жуып шығарамын

Қаракөз Тілеубекова 2016 жылы сахнадан көп көрінген жоқ. Актрисаның айтуынша, мұның өзіндік себептері бар. Десе де, ол бұл олқылықты 2017 жылы толтыруға уәде етті. Мұнымен қатар, жағымсыз сезімдерден арылудың бірнеше тәсілін айтып өтті.

13584162_104459296655635_1648788521_n

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

– Елдің көңіл-күйін көтеру қиын ғой. Сізге қарап-ақ күле беруге болады. Өзіңіздің табиғи жаратылысыңыз сондай секілді ме?

– Әр адамның энергетикасы болады. Сол біреуде басыңқы, енді біреуде жоғары болады. Адам қандай жағдай болмасын, осы энергетикасын жоғары ұстауы керек деп ойлаймын. Мұнымен қатар, өткенге қарап өкінбеу керек, бұрынғы қателіктерін қайталамауы керек. Әрқашан көңіл-күй жайдарлы болса, сенің жұмысың да жақсы жүреді, жан-жағыңдағы адам да саған жақсы көзқараспен қарайды. Сондықтан да, мен мұны Алланың берген табиғаты деп білемін. Мен қуанамын.

– Кей өнер адамы “ашуланған кезде домбыраны қатты-қатты тартып аламын, болмаса айғайлап өлең айтып аламын” деп жатады. Сіз жағымсыз сезімдерден қалай арыласыз?

– Өнер адамдары сырт көзге бірдей болып көрінгенімен, ішкі дүниесі басқа. Әркім түрлі жолмен шығарады. Мен тек өлең айтып шығармаймын. Кейде кітап оқып, еден жуып шығарамын. Қолыңа қомақты ақша түскен кезде көңіл-күйің көтерілуі мүмкін. Жақсы тамақ ішіп, жақсы адаммен кездесудің де маңызы зор… Керек болмай қалудан құдай сақтасын. Сол кезде адамның көңілі түседі деп ойлаймын. Дегенмен, оның барлығы – Алланың сынағы.

– Ән де айтасыз, сахна да өзіңізге тиесілі, тележобалардан да өзіңізді тамашалап жүрміз. 2017 жылға қандай жоспарларыңыз бар?

– Алланы күлдіргің келмесе, жоспарыңды айтпа деген сөз бар. Кейінгі кезде қатты сенгіш болып кеттім. 18-19 жастарымда көп нәрсеге сене бермейтін едім. Қазір де жасым қатты ұлғайып тұрған жоқ. Қартайғысы келген адам қартая берсін, маған қартаюға болмайды. Мен – халықтың алдына шығатын адаммын. Менің бірінші қағидам – сахнаға әдемі болып шығу. Өткен жылы бірен-саран жобаларда ғана көрініп жүрдім. Оның өзіндік себептері бар. Адам темір болмағандықтан, ауырады. Кейде шабыты болмайды. Маған сол уақытты Алла тағала 2017 қалай қарсы алатынымды ойлану үшін берген сияқты.

“Не істейсің? Не бітіресің?” деп маған ойлануға уақыт берген сияқты. Кей адам сахнаға шығып, “40-60 килограммға арықтадым деп жатады. Арықтау маған аса қиындық тудырмайды. Оның үстіне баяғыда спортпен шұғылданғанмын. Құдай бірінші денсаулық берсін…Менде өнерге, өмірге деген екінші шабыт ашылды. Өмірге деген көзқарасым түбегейлі өзгерді. Ал жоспарымды айтпай-ақ қояйын. Себебі, маған тез тіл тиеді. Осы жылы жақсы жас сазгерлермен таныстым. Әнді жақсылап өңдейтін Ташкенттің балаларымен таныстым. Енді құдай қаласа солармен жұмыс істеп, шығармашылығымда өзгеріс болуы мүмкін…

– Қартаймаудың бір құпиясы бар ма?

– Әрине, бар. Бірінші кезекте тәнің де, жаның да таза жүруі керек. Екіншіден бұл тұқымқуалаушылықпен де байланысты. Үшіншіден, адам өзіне күтім жасауы керек. Мен өзімді жақсы көремін. Мұны ешкім де өзгерте алмайды. Өзіңді сүймесең, қасыңдағы адам сені таптап кетеді.

– Сахналық әріптестеріңіз жастарды жинап, театрын ашып жатыр. Енді бірі өнер мектебін ашып жатыр. Сізде осындай жоспар бар ма?

– Иә, маған “Сіз неге өнер мектебін ашпайсыз?” деген сөздер жиі айтылады. Барлығы өз уақытымен болады.


Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандар “Ерке мен Төреғали бірге демалып жатыр” деп болжады (видео)

Жазира Байырбекова туған бауырларын көрсетті (фото, видео)

Айнұр Тұрсынбаева Қазақстанда ату жазасын қолдауға шақырды

Ұлына елде жоқ есім берген Мөлдір Әуелбекова оның мағынасын түсіндірді

Талқылау