Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақаттың тыңдарманы естелік үшін оның бір уыс шашын жұлып алған

Шетелде табынушылары жұлдыздарды инстаграм желісі арқылы аңдып, олардың үйіне келіп мазасын алып жатады. Елімізде мұндай жағдай тіркелмесе де, әлеуметтік желі арқылы романтикаға толы смс хаттар жіберетіндер бар. Мұнымен қатар, сүйікті жұлдызының естелікке деп шашын жұлып алатын тыңдармандар да кездеседі.

11005276_391694770999000_1246211973_n

Фото: instagram.com/karakat_a/?hl=ru

Бұл туралы “Ревю” хабарлайды.

Бүгінде продюсер атанған Болманов АБК тобында жүрген кезін нағыз жұлдызды шағым деп еске алады. Жас күнінде соңынан жүгірген тыңдармандарының көп болғанын да жасырмайды.

“АБК кезінде 30-40 мың тыңдарман күзетшілерден өтіп, бізге қарай жүгіретін. Сол сәтте көзімізге теңіз сияқты елестейтін. Неше түрлі қорқынышты жағдай болған”, – дейді Қыдырәлі Болманов.

Мұндай жағдай жұбайы Қарақат Әбілдинаның да басынан өткен екен. Оның табынушысы естелікке деп бір уыс шашын жұлып алған.

“Менің шашым үнемі ұзын болып жүреді ғой. Стадионда көпшілік арасынан өтіп бара жаттым. Осы кезде белгісіз табынушым бір уыс шашымды жұлып алған. Қыз немесе әйел екені есімде жоқ. Бірақ естелікке деп жұлып алған кезде, шалқайып жүре алмай қалдым”, – дейді Қарақат Әбілдина.

Ал әнші Қайрат Нұртасқа күніне 200-300 бойжеткен қоңырау шалса, Толқын Забироваға жас жігіт тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірген. Ол тыңдарманынан келген хатты оқып, көңілінің көтеріліп қалғанын айтады.

“Мен сізге үйленгім келеді деп айтатындар бар. Сол кезде еріксіз күлемін. Сонда менің жолдасым мен үш балам қайда қалмақ?! Осыдан бір-екі күн бұрын ғана менің электронды поштама жаңағыдай хат келді. Мені он сегіз жаста деп ойлаған шығар бәлкім. Күйеуіміз екеуіміз көзімізден жас шыққанша күлдік”, – деп әнші қуанышымен бөлісті.

Толқын Забирова мұндай мазмұндағы хаттарға қуанғанымен, Қайрат Нұртас керісінше әбден мезі болғанын айтады. Осының салдарынан телефон нөмірін жиі ауыстырады екен.

“Күнде неше түрлі адам хабарласады. Жоқ дегенде 200-300 адам звондайтын шығар. Бәрінің де танысқысы келеді. Сол үшін мен телефон нөмірімді ай сайын ауыстырып отыруға мәжбүрмін”, – дейді Қайрат Нұртас.

Жұлдыз қауымы тыңдармандарының бұл қылықтарын бүгінде күліп еске алады. Бірақ алдағы уақытта мұндай қылықтар қайталанбаса екен дейді.


Оқи отырыңыз:

Қарақат Әбілдина: Мен маймыл емеспін, табиғи болмысым осындай

Айнұр Тұрсынбаева: Қарақат мектеп, Жазира салон ашты. Ал мен ше?

Қарақат Әбілдина: Сахнаға шығарда көйлегім сыймай, он қыз жабылып кигізді

Қарақат Әбілдина Тасмағамбетовпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Талқылау