Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Отанның неден басталатынын айтып берді

Қарақат Әбілдина Қазақстан арнасындағы «Әйел бақыты» бағдарламасына қаысып, мінсіз әйел ұғымын шама-шарқы келгенше түсіндіруге тырысты. Әнші өмірде мінсіз әйел затының болмайтынын, есесіне ең ізгі қасиеттерді бойына тоғыстырған жақсы әйелдің болатынын тілге тиек етті, деп хабарлайды Stan.kz.

karakat_01

«Мінсіз әйел болмайды. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі әйелдің бойында көп кемшілік болатынын хадистер арқылы жеткізген. Шын мәнінде үлгі тұтуға болатындай жақсы әйелдер болады. Ол қандай әйелдер? Мысалы, жігіттің үш жұрты болады. Сол сияқты әйелдің де үш жұрты болады деп ойлаймын. Олар: қайын жұрты, ер азаматы және бала-шағасы. Қарап отрсаңыз, үшеуі үш әлем. Осы жандардың қас-қабағына қарап, бабын тауып, көңілінен шығып, жамандығын жасырып, жақсылығын асыра білген әйел жақсы әйел болып есептеледі», – деді Қарақат бағдарлама барысында.

Одан кейін Қарақат өзін жақсы әйелдер қатарына жатқызатынын айтып өтті.

«Өзімді жақсы әйел болуға тырысып, ұқсап бағып жүрген ниеті түзу жандардың бірімін деп есептеймін. Әйел заты тек отбасының емес, Отанның ұйытқысы ғой. Себебі Отан – отбасыдан басталады. Сондықтан өнерде жүріп мінсіз әйел болу мүмкін емес, өздеріңіз де білесіздер. Біздің жағдайымызда екеуміздің илеп жүргеніміз бір терінің пұшпағы. Бір мақсат, бір мүдде, бір абырой», – деп жалғады сөзін Әбілдина.

Әнші өзіне еліктейтін тыңдармандарының көңілінен шығу үшін барын аямайтын көрінеді. Оның пайымдауынша, оның және зайыбы Қыдырәлінің нашар өмір сүруге құқығы жоқ:

«Әйелдің қырық жаны бар. Осы сөзді бұрын көп естісек, қазір соны кәдімгідей сезінемін. Алла қуат берсін әйелдерге. Уақыт өте келе ер азамат сенің балаң сияқты болып қалады екен. «Еркелеген кезде әйел жеңеді, ашуланса жеңіледі» деген сөздің жаны бар. Ең бастысы халықтың адамы болғаннан кейін көрермендер бізге қарап ұқсағысы, үйренгісі, еліктегісі келеді, оны жасырмаймыз. «Сол еліктеуге біз қаншалықты лайықпыз?» деген сұрақты өзіме жиі қоямын. Әр айтылған сөзіміз, әрбір аяқ алысымыз, әрбір, тіпті, репертуарымыздағы әндеріміздің өзі бақытты өмірді, жолы болған махаббатты жырлайды. Әніміз арқылы көрермендерімізге жақсы көңіл-күй, жүректеріне қуаныш сыйлағымыз келеді. Әніміз арқылы әрбір тыңдарманымызға бақыт тілейміз. Осындай әндерді сахнада айтып жүрген біздердің жаман қылық жасауға, жаман өмір сүруге еш хақымыз жоқ деп ойлаймын», – деп түйіндеді сөзін Қарақат.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Бетімнің кем-кетік тұстарын есіме сала берудің қажеті жоқ

Түркияның әншісі Бурай Қайрат Нұртаспен бірге «Байқа» әнін орындады (видео)

Жазира Байырбекова болашақ келінін көрсетті (фото)

Әнші Нұрлан Әміров: Еркектің қыдырмайтыны жоқ, ол үшін сөкпеңіздер

 

Талқылау