Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат: Мен өмірімде екі рет шок алған адаммын

Әнші Қарақат Әбілдина басынан өткен қиын сәттерін, күйзеліске түскен кездерін еске алды. Айтуынша, өмірінде екі рет шоктық жағдайды басынан кешкен.

Бұл туралы әнші Ләйлә Сұлтанқызының The Эфир бағдарламасында айтты.

“Мен өмірімде екі рет шок алдым.  Оның бірі туған күнімді мешітте атап өткен кезде. Ел шулап “Қарақат мешітте  жын-ойнақ жасады” деп шығарды. Бірақ менің бір ғана ниетім бар еді, өнердегі құрбыларымның басын қосып, сауапты іс жасасам дедім. Туған күнді халал атқардық. Бәріміз оранып, жабық келдік. Бірақ оны көпшілік теріс қабылдады. Өзім жүкті күйде едім. Айы-күнім жетіп қалған кез еді. Қатты күйзеліске түстім. Сабыр етуден басқа амал жоқ екенін түсіндім кейін, БАҚ-қа шын мәнінде қандай оймен отырыс ұйымдастырғанымды айттым”, – дейді әнші.

Қарақат одан бөлек қолөнерші Ырза Тұрсынзадамен болған жанжалдан есеңгіреп қалғанын айтты.

“Ырза Тұрсынзаданың нақақтан нақақ жала жапқаны, Қыдекеңді қаралағаны жаныма батты. Үлкен жастағы әйелдің аузынан жаман сөз шыққанына таңғалдым. Бұл мәселеге араласқым келген жоқ. Бәрін Қыдырдың өзіне тапсырдым. Мен аңғал көңілмен ол кісіге сеніп көмектесіп жүрсем, ол мені қаралап шықты. Адамға сенудің соңы осылай болды. Бұл бір жағы танымалдықтың зиянды жағы болып тұр”, – дейді Қарақат өткен күнді еске ала.

Әнші көрермендерге екі оқиғаны қалай болғанын ашып айтып ақталғандай болды. Біреудің айтқан жаман сөзі үшін жаман болып қалмаймын деген ой айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау