Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат «Бал-бала» ойыншықтарын қымбатсынатын ата-аналарға қайран қалды

Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат 2010 жылы ұлттық нақыштағы «Бал-бала» ойыншықтарын шығаруды бастады. Әрине, бүгінде қазақы нақыштағы ойыншықтар әр қазақтың үйінде бар деуге келмес. Десе де, отандық өнім өз тұтунышыларын әлдеқашан тапқан.

eGnUNBGBOhw

Қарақат Әбілдина ұлттық нақыштағы ойыншық жасау идеясының неден туындағанын айтып берді. Айтуынша, бұл қадамға олардың ұлы Иманәлі себепкер болған.

«1-жасқа енді толған кезінде-ау деймін, достарымыз түсініксіз шеттілде ән айтып, қимылдайтын көңілді ойыншық сыйлаған болатын. Баланың әлгі ойыншыққа қызыққаны соншама, сонымен бірге қимылдап, гуілдеп, қолынан тастамай ойнайтын болды. Бірақ ойыншықтың сапасы сын көтермей, шамалы ғана ойнауға жарады. Міне сол кезде әкесі қазақша сөйлеп, ән салатын сапалы ойыншықтар шығару идеясымен жанданып, бірден іске кірісті. Күні бүгінге дейін қыруар қаржысын құйып, қажыр-қайратын жұмсап, талмай, тынбай тер төгіп келеді. Ондағы мақсаты ұрпақ тарбиесін жастайынан қолға алып, бөпелік шағынан құлақтарына ана тілімізді сіңіріп өссе деген ниеттің жатқаны айтпаса да түсінікті», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Одан кейін әнші «Бал-бала» ойыншықтарының бренд болып қалыптасқанын айтты. Өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, отандық өнімді қолдауға шақырды. Ойыншықтардың бағасын қымбатсынатын ата-аналарды түсінбейтінін жеткізді.

«Бал-бала ойыншықтарының бағасы қымбат, қалтамыз көтермейді дейтін жандарға шын қайран қаламын. 3000-нан басталатын 5 мыңнан 8 мыңға дейінгі бағаны қалайша қымбат дейсіз? Барлығымыз бала өсіріп отырмыз, ненің қанша тұратынын жақсы білеміз. Дүкендерде пластмассадан жасалған жәй қылыштың өзі 12000 теңге тұрады басқасын айтпағанда», – деді Әбілдина.

Жіберіп алмаңыз: 

Саят Медеуов: Қызым біреуге тоқал боламын десе, қарсы емеспін

Қазақстандық арулардың «Еркек болсаң дәлелде» атты бейнебаяны жұртты шошытты (видео)

Қайрат Нұртасты жақсы көретін жапон қызы қазақ әндерін нақышына келтіре шырқайды (видео)

Әнші Серік Ибрагимов сүйіктісіне сырға салды (фото)

Валерий Меладзе: Жұбайым қазақ ұлтынан

Талқылау