Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина ұлының кезекті жетістігі жайлы жаңалықтардан білген

Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақаттың тұңғыш ұлы Бекболат еліміздегі ең ақылды жастарға жетекшілік етпек. Ол бұдан былай зияткерлік коэффиценті жоғары адамдарға арналған IQ Kazakhstan ұйымының бас координаторы болып бекітілді. Бір қызығы, ұлының бұл жетістігі жайлы Қарақат Әбілдина жаңалықтардан естіп-білгенін айтады.

Қарақат Әбілдина ұлының кезекті жетістігі жайлы жаңалықтардан білген

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бекболат Болман бұған дейін еліміздегі ең білімді жастар қатарына кірген болатын. Ол IQ Start интеллектуалды тестілеуде 400 адамның ішінен озық шығып, үздік 7 адамның ішіне кірген. Енді, мінеки елімізде алғаш рет ашылған ұйымға жетекшілік етіп отыр.

“Тұңғышым Бекболаттың тағы бір жетістігін өзінен емес, сайттардан біліп отырмын. Расында, Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы деген соң, бүкіл жетістіктеріне біздің ықпалымыз бар деп ойлайды. Бір қызығы, біздің ықпалымыз тұрмақ, еш xабарымыз да жоқ, тіпті, мұндай жаңалықтарын бізге өзі де айтпайды. Ел-жұртпен бірге естіп жатамыз.

Оқуда, қоғамдық істерде белсенді, бірақ атқарып жүрген шаруаларын уақытынан бұрын жариялауды, сөзі ісінің алдына түскенін қаламайтын жан екенін біліп, марқайып қалам. Осылай ерте жұмысқа араласып, жақсы жағынан көзге түскеніне, әрине, қуанамыз”, – деп бөлісті Әбілдина.

Алайда өнер иесі үшін ұлының жетістігі өз алдына, ол алда ұлының ҰБТ сынағын абыроймен тапсырғанын қалайды.

“Десе де, ұлым әзірге оқушы, жас түлек. Ал алда үлкен бір белес – ҰБТ келе жатыр, жауапты сынаққа санаулы күндер қалды. Құлыныма осы бір емтиxанда сәттілік тілеймін, қарыштай бер, ботам. Ең бастысы, Алладан амандығыңды тілеймін! Барша түлектерге сәттілік серік болсын деймін! ҰБТ нәтижесі өмірдің мәні емес, көп белестің бірі ғана екенін де естен шығармайық!” – деп түйіндеді сөзін ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау