Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина: Мәжіліс — шыға салып ән айтып, кете беретін сахна емес

“Нұр Отан” партиясының XVII съезіне қатысқан танымал қазақстандық әнші Қарақат Әбілдина депутаттылыққа түскісі келетін жастарға қатысты өз ойын білдірді.

????????????????????????????????????

Бұл туралы munara.kz хабарлайды.

“Мен Қарағанды облысы бойынша съезге қатысуға шақырту алып, келіп отырмын. Жалпы ниетіміз — елбасыны, мемлекет саясатын қолдау. Тек ойлайтынымыз — еліміз бейбітшілікте, гүлдене берсін және тәуелсіздігіміздің көк туы желбірей берсе дейміз. Алдағы өтетін сайлаудан күтерім, депутаттыққа өтетін әрбір адам еліміздегі ел игілігі үшін атқарылар әрбір істе,  бағдарламаларды жүзеге асыру үшін өз саласының білікті маманы болса деймін. Аталған бағдарламалардың жүйелі түрде өзінің нәтижелі  жемісін беретініне сенемін”, – дейді әнші.
12543379_454663888070941_1429917454_n(1)
Сайланатын депутаттардың арасынан жастарды көбірек көргіңіз келе ме деген сауалға Қарақат Әбілдина былай жауап берді: ” – Ия, көбірек көргім келеді. Бірақ жастардың келуіне меніңше, жеңіл-желпі қарамай, салмақты түрде қарау керек шығар. Себебі, ол бір рет шыға салып ән айтып кете беретін сахна емес. Ой елегінен өткізіп, салихалы, саналы  түрде қарап, аса мән берген дұрыс”.
Талқылау