Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбділдина киілген көйлектерін сатып жатыр

 Жақында Қарақат Әбілдина “Бенефис шоуда” киген көйлектерінің сатылымға шығаратынын  Instagram-дағы өз парақшасы арқылы хабарлаған.

EJhSoQznL7Y

“Менің киген көйлектеріме “сатасыз ба?” деп сұрап қызығып жататын,  астаналықтардың назарына: осы жолы “Бенефис шоуға” киген барлық көйлектерді “Аруназ дизайн” шоуға арнайы дайындап тіккен болатын. Бағдарлама осы айдың он біріне дейін түсіріледі, егер ұнап жатса, сатып алуға мүмкіндіктеріңіз бар!”, – деп жазған әнші.

 

Алайда, әншінің бұл ісін жазылушылар құптамады. Тіпті, өткір сынның астына алды, деп хабарлайды alashainasy.kz.

Бір сәтте Arunaz design сән үйінің туындыларына қызығушылық білдіргендер де, оны “киілген” деп сөккендер декөбейіп кетті.

“Қазаққа жат қылық. Ол заманда бұл заман, киген кімін сатқан қай қазақты көрдің? Қарақат, қарағым, кризис сағанда келді ме?! Басқа басқа, дәл сенің бишаралық күйге түскенің ұят-ақ”, – деп жазған жазылушы Алуа Байназарова. Мұндай пікірді оқыған жазылушылар бір-бірін қоштай жөнелді.

Енді бірі “Өте ыңғайсыз жарнама екен, жиіркенішті кейбір адамға. Атақты әншінің киілген киімді сатқаны жарасымсыз”, – деп жазса.  Одан кейінгісі “Дұрыс айтасыз, сізбен келісемін, қанша қымбат көйлек болса да, біреудікін кигенше, арзан болса да, жаңа, тазасын кигенге не жетсін”, – дейді. Кейбірі “Маған десе он мың доллар болсын, кімдікі болса да кимеймін. Арзан болса да, жаңа, тазасын алып киемін”, – деп пікір білдірді.

Тағы бір жанкүйер “Қарақат ханым! Мен сізді қазақ келіндеріне үлгі боларлық деп ойлаушы едім. Ренжімеңіз, қателеспесем сізде мүшелі жас, 12 мүшем сау болсын деп он екі көйлегіңізді жағдайы жоқ қаракөз сіңлілеріңізге таратып бере салмадыңыз.Балаларыңызға сауабы тиеді ғой. “Үй сыртында кісі бар” дегендей, қазақ әншілері көйлектерін сатып жатыр деп көрші елдер күлмесіне кім кепіл?”, – деп күйінді.

Әнші де жауапсыз қалмады. “Біріншіден, кім айтты дүкендегі көйлектер киілмеген деп? Жоқ дегенде, 5-10 адам киiп коретiні айдан анық. Киіп көрмей, көйлек алу мүмкін бе өзі?! Екіншіден, мен өз көйлектерімді саудалап жатқаным жоқ! Тағы да қайталап жазайын, Аrunaz design-нiң көйлектерiн астаналықтар үшін салдым! Алматыға арнайы барып алыстан арбалағанша, жақыннан дорбаласын деп. Яғни, көрген жақсылығыммен бөліскім келді, бар болғаны осы. Таяз ойларыңызға қайранмын. Ұят болды”, – деп ренжіді Қарақат.

 

Талқылау