Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағұсова: Бiздiң жерiмiздi жалға алуға шетелдiктер кезекте тұрған жоқ

Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында мәжiлiс депутаты Гүлжан Қарағұсова жер мәселесiне қатысты пiкiрiн айта келiп, қазiргi уақытта бiздiң жерiмiздi жалға алуға шетелдiктер кезекте тұрмағанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

қарағұсова

«Ешкiм өзгерiстердi саралаған жоқ, тек қажеттi жерiн мәтiннен жұлып алды. Осының негiзiнде шындыққа сәйкес келмейтiн ақпараттар тарады. Ең басты жауапты Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында айтты, яғни жерiмiз шетелдiктерге ешқашан сатылған емес және алдағы уақытта да сатылмайды. Сiздерге бiр фактiнi айта кетсем: 2013 жылдан бастап инвестициялар туралы заңға инвесторлар үшiн айтарлықтай жеңiлдiктер енгiздiк – олар бүкiл дерлiк салықтан 10 жылға босатылды. Либералдық көшi-қон тәртiбi бар, сондай-ақ инвестицияларды қарауда да жеңiлдiктер қарастырылған. Қазiр 2016 жыл, өкiнiшке қарай, ешкiм әлi күнге дейiн келген жоқ», – дейдi Г.Қарағұсова.
Депутаттың сөзiне сүйенсек, қазiрде елiмiзде 0,06 пайыз жердi шетелдiктер жалға алып отыр.
«Олардың 2 пайызы – қырғыздар, 2 пайызы – өзбектер, 2 пайызы еуропалықтар, олардың iшiнде немiстер мен голландықтар бар. Жердi жалға алып, өз технологияларын әкелуге дайын шетелдiктердiң кезегi жоқ. Ал заңның өзiнде нелiктен 25 жыл екенiн нақты жазылған. Бiз шетелдiктерге жердi жалға 2003 жылдан берi 10 жылға берiп келемiз. Бiрақ осы уақытта олар өз инвестициясын қайтарып, пайда таба алмай отыр. Сондықтан халықаралық тәжiрибе негiзiнде бұл мерзiм ұзартылды. Осылай айтқан кезде, барлығы түсiнедi. Сондықтан бiзге елiмiздегi кез келген қадам бойынша түсiндiру жұмыстарын күшейткен дұрыс шығар», – деп түйiндедi депутат

 

 

Талқылау