Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандында қашып бара жатқан ұры асфальтқа басын соғып есінен танып қалды

Қылмыс орнына қашып бара жатқан ұры құлап кетіп асфальқа басын соқты. Полиция қызметкерлері ұрының есін жиғызды, деп жазады “Криминальные новости” басылымы.

1-377

Ұры базардан егде жастағы әйелді көріп қалады. Оның соңына түсіп бірге автобусқа мінеді. Үйіне жетер жолында әйелдің бетінен ұрып, сөмкесін алып қашпақ болған.

Алайда, әйел сөмкесін тартып жібермей қояды. Бар даусымен айқайлағандықтан жанына адамдар тез жүгіріп жетеді. Ұры қашып кетпек болғанда сүрініп кетіп, басын асфальқа соғады. Полицейлер оны есінен танған күйінде тауып алады.

“Қарағандыға жұмысқа орналасу үшін келдім, бірақ еш жолым болмады. Нан сатып алуға ақшам жоқ”, – деп ақталды 36 жастағы ер адам.

Сотта жәбірленуші кінәсін мойындаған айыпталушыға еш талабы жоқ екенін айтты. Сот айыпталушыға үш жыл, алты айға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда жас балалар көшедегі мысықтың баласын ұрып-соғып көзін ағызып жіберген

Талқылау