Қарағандылықтар ғарышқа жөнелту үшін АҚШ-тың NASА ғарыш агенттігіне долана тұқымын берді
Қазақстандықтар жіберген долана тұқымы ғарыштағы ғылыми зерттеу жұмыстарына қатыстырылады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Фото: inform.kz
Тұқым салынған контейнер Қарағандының «Сарыарқа» әуежайында Жерге оралған «Союз МС-05» ғарыш кемесінің экипажын салтанатты қарсы алу рәсімінде тапсырылды.
«Тұқымдар жүк кемесімен ғарышқа шығарылып, қайта түсіріледі. Сонан соң салыстыру үшін ғарышқа шығарылмаған қарапайым тұқымдармен қатар өсіріледі», – дейді Қарағанды әкімдігінің баспасөз өкілі.
Келесі экспедиция «Союз МС-07» кораблімен 17 желтоқсанда ғарышқа ұшырылады. Қазір стансада «Роскосмос» космонавты Александр Мисуркин және NASA астронавтары Ванде Хай мен Джозеф Акаба бар.
Оқи отырыңыз:
Ақмола облысында Біржан сал ауданы пайда болды
Жамбыл облысында үшем дүниеге келді
Қостанай мен Өскемен мектептерінде ауа-райына байланысты сабақтар тоқтатылды
Талқылау