Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық ЖОО-ның қабылдау комиссиясында Нұрлан есімді робот жұмыс істейді (видео)

Қарағандыдағы Қазтұтынуодағы экономикалық университетінде Нұрлан есімді робот қызметкер пайда болды.

20160720012624

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Электронды көмекші түлектерді қарсы алып, ЖОО қабылдау залында консультант қызметін атқарады.

“Роботқа біз Нұрлан деп ат қойдық. Бұл жаңа нұсқадағы “промо-бот”. Ол жеке тұлғаларды тани алады, оларды еске сақтай алады. Жапондық, бірақ Ресейде құрастырылған”, – дейді техникалық қызмет көрсету қызметінің инженері Иван Храмков.

Оның айтуынша, бұл қазақстандық ЖОО-лардағы алғашқы робот-қызметкер.

“Біз Нұрланға қазақ тілін үйретпекпіз. Қазірше бастапқы сатыда жүрміз, қарапайым диалогтар құруды үйренудеміз”, – деді сөзін жалғай келе ол.

Робот әзірше тек орысша және ағылшынша сөйлейді.

Жоспар бойынша, Нұрлан кейін ұстаз болып, сабақ беруі тиіс.

Талқылау