Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық желіде балаларды жыныс мүшесін видеоға түсіріп беруге мәжбүрлеген

34 жастағы еркек желі арқылы жасөспірімдерге өзін медициналық университеттің студенті деп таныстырған. Сондай-ақ, ол жеткіншектерден жеке басының интимдік ақпараттарымен бөлісуді сұраған.

WhatsApp-19

Қазыбек би ауданы прокурор орынбасары Жанқозы Нақышев брифинг барысында қарағандылық кәмелет жасына толмаған балаларды ғаламтор арқылы арбағаны үшін сотталғанын айтты.

Құзырлы органның мәліметінше 34 жастағы азаматтың анай қылығы бойынша қозғалған қылмыстық іс 2016 жылы қаралып біткен. Ел еркектің өзі өткен жылдың жазында ұсталған еді. Ол 20 жеткіншекті желі арқылы арбағаны үшін айыпталған. Ол түрлі әлеуметтік сайттар арқылы, Viber, WhatsApp телефон қосымшалары арқылы жеткіншектерді тауып алып отырған.

«Азамат жастармен танысқан кезінде өзін медициналық университеттің студенті деп таныстырған. Тәжірибесін арттыру мақсатында ол өзі сөйлескен адамдардан жеке интимдік ақпараттарымен бөлісулерін сұраған. Келіскен балалардан ол жыныс мүшелерінің суреттері мен видеоларын өзіне жіберуді сұраған. Бас тартқан балаларды ол осыған дейін «жазған ақпаратты өзгелерге таратамын» деп қорқытқан. Осыдан кейін балалардың көпшілігі оған өзі сұраған суреттер мен фотоларды жіберуге мәжбүр болған»,-дейді Нақышев.

Сот алды тексеріс кезінде жиналған материалдардың барлығы істі қараған сотқа жіберілген.

«Сот үкімімен күдіктіні 10 жылға арнайы режимдегі колонияға жабылды. Сонда-ақ,ол өмір бойына мектеп жасындағы, мектепке дейінгі балалар бар мекемеде жұмыс істеу құқығынан айрылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ»,-дейді Нақышев.

Талқылау