Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық тыңдармандар Жігер Ауыпбаевқа көлік мінгізді (видео)

“Меломен” тобының экс әншісі Жігер Ауыпбаев күтпеген жерден темір тұлпарға ие болды. Әншіге бағалы сыйды Қарағанды өңірінің жігіттері сыйға тартқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

жігер ауыпбаев

Бұл туралы Жігердің өзі айтып берді.

“Кең пейіліңнен айналдым Қарағанды! Кешегі өткен кешімізден күтпеген жерден көлік міндік. Алла жомарттық қасиеттеріңізге мол ризық нәсіп ете берсін. Не айтарымды білмей тұрғанымды ай. Кешті ұйымдастыруға атсалысқан Қайсар бауырыма мың алғыс. Қарағанды рахмет”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от J I G E R A U Y P B A E V (@jiger_auypbaev_official)

Жігер мұндай сыйды күтпеген. Сахнада тұрып, көлік тізгіндегенін естіген кезде әнші сенер-сенбесін білмеген сыңайлы. Видеода Ауыпбаев абдырап, берілген сыйды қабылдай алмай, біраз тұрып қалады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау