Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық такси жүргізушілері жеңіс күні қарсаңында “танктерге” отырды

Қарағандыдағы такси қызметтерінің бірі көліктерін камуфляж түске бояп, мерекелік белгілерді жапсырып, төбесіне танк зеңбіректерін бейнелеп алған.

аааааааа

Сурет instagram.com/moe_taxi

Қарағандылық такси қызметінің бірі жеңіс мерекесіне креативті көзқараспен қарағылары келсе керек. Олар қала тұрғындарын “танкпен” тасымалдағанды жөн деп тауыпты. Олар көліктерін Т-34 маркалы танк транспорты бейнесінде безендіріп алған.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бейнені жасап шығу үшін, олар көлік төбесіне “зеңбірек” орнатып, “Берлинге” деген жазу жазып алған.

“Идея такси қызметі жетекшілері ұсынды. Біз бұл арқылы ардагерлерді әрдайым есте ұстайтынымызды білдіргіміз келді. Кейінгі ұрпақ ардагерлердің еңбегін ұмытпас үшін жасалып отыр. Клиенттер бізді шақырған кезде, оларды тасуға танктер баратынын айтамыз”, – дейді әкімші Сәбина Тұрымбетова.

ыыыыыыыыыыыыыы

Оның сөзінше, “танк” келбетті таксилер тіпті 7 мамыр күні Жеңіс күніне орай өткізілетін шеруге де қатысады екен.

“Әкімдіктің қолдауымен біз шеруге қатысамыз. Ардагерлер осы көліктерге мінеді”, – деп атап өтті ол.

Еске сала кетсек, 9 мамыр күні қазақстандықтар Жеңістің 71 жылдығын атап өтеді. Қазақстан бойынша екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 4000-дай ардагер қалған. Бұған дейін ардагерлеріміздің ТМД елдері аумағына да пойызбен тегін қатынау мүмкіндігіне ие болғаны туралы жазған едік.

Талқылау