Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды тұрғыны суда істемейтін телефонды алдап сатқан сатушыны сотта жеңді

«Суға салса батпайды» деген жарнамаға алданған азамат дүкен әкімшісінен ақша өндіріп алды,-деп жазды ҚазАқпарат.

телефон

Жігіт суда түсірілім жасау мақсатында арнайы SONY D5503 телефонын сатып алған. Жаңа телефонды суға салғаны сол екен, бірден істемей қалған. Телефон мүлде қосылмай қалған. Жігіт бірден дүкенге келіп  ақысын қайтаруларын немесе басқасына ауыстырып берулерін талап еткен. Дүкен әкімшісі  бар кінә телефонды дұрыс қолдана алмаған жігіттің  өзінде екенін айтып шығарып салған. Ашынған жігіт амалсыз сотқа шағым түсіреді.

«Дүкен әкімшісі  бар кінәні жігіттің өзіне тақты. Негізі тауарды пайдалану жайлы қағазда орыс тілінде де, қазақ тілінде де анықтама болмаған. Сондықтан тұтынушының бұл жерде еш кінәсі жоқ»,-дейді   тұтынушылар құқығын қорғау бірлестігінің адвокаты  Жасұлан Айтмағамбетов.

Осындай уәжді құлақ түре тыңдаған Қарағандыдағы Қазыбек ауданының соты арызданушының  талабын қанағаттандырған. Сот дүкен әкімшілігін тұтынушыға  77 мың телефонның ақысы, 10 мың теңге моральдық өтемақы есебінде төлеуге үкім етті.

Оқи отырыңыз:

Дастан Оразбеков: Астанаға көшіп келсем деген ниетім бар

Францияда асшаян жеген Салтанат Бақаева жұрттың жиіркенішін туғызды (видео)

Ерке “Қайда?” клипіне айнытпай пародия түсірген бүлдіршінге 100 мың теңге сыйламақ (видео)

Вирусты инфекция жұқтырып алған Ахмадиеваның түр-келбеті тыңдармандарын шошытты

 

 

 

Талқылау