Қарағандылық студент көлемді мәтіндерді латын қарпіне аударатын бағдарлама ойлап тапты

Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің екінші курс студенті қазақша мәтіндерді латын қарпіне  аударатын бағдарламалық жасақтама жасап шығарды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Қарағандылық студент көлемді мәтіндерді латын қарпіне аударатын бағдарлама ойлап тапты
“Біздің университет «Рухани жаңғыру» бағдарламасында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға қатысады. Менің бағдарламам арқылы А4 форматындағы 500 бет көлемді мәтіндерді бірнеше минут ішінде латын жазуына аударуға болады. Сонымен бірге, бұл бағдарлама қолданыстағы сызбаларға және графикаға кедергі келтірмейді», – деді Мағжан Өмен.

Автордың айтуынша, ол бағдарламаны бір жарым айда жасап шыққан.

“Қыркүйек айында біздің факультетіміздің деканы студенттерге тапсырма берді. Соңында олар менің нұсқамды таңдады. Мен “Болашақ – менің алманым” жобасына қатысқан болатынмын. Содан жартылай финалға өттім. Енді қазір қазақша мәтіндерді латын әліпбиіне аударатын мобильді қосымша ойлап тапқым келеді», – дейді студент.

Айта кетейік, Мағжан Өменнің ойлап тапқан бағдарламасы бүгінгі күні университетте қолданылуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар