Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болашақ дәрігер ауруханада тәжірибеден өту барысында Сібір жарасын жұқтырған

Қарағандыда тағы бір адам күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті. 24 жастағы жігіт Қарағанды медициналық университетінің 5 курс студенті екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

укук

Сурет vlast.kz

Емдеу мекемесінде тәжірибеден өтіп жүрген ол науқасты қарауға қатысыпты. Одан алынған сынамалар сараптамаға жіберілген. Ал карантин жарияланған Еркіндік ауылында тағы бір сиыр арам қатты.

Ірі қара кесел жұқтырды ма әлде залалсыздандыратын дәрілерден уланды ма, соны қазір ветеринарлар анықтауда. Жалпы, дерт ошағы – Еркіндікте ауру жұқтырғандармен байланыста болған 73 адам дәрігерлердің бақылауында. Ауылда залалсыздандыру шаралары да үзіліссіз жүріп жатыр. Мамандар ауру таратуы мүмкін деп 47 қаңғыған ит пен мысықты ұстап өртеп жіберген. Ал арам өлген тайыншаның денесінен сынамалар алынып, арнайы сараптамаға жіберіліпті.

“Дәріні қоражайдың айналасына жасағанда оның жанында шөптер өсіп тұруы мүмкін. Содан уланған шығар деген де қауіп бар. Бірақ ешқандай клиникалық белгілері жоқ. Сібір жарасы, күйдіргіде малдың денесі босаңсиды. Ал мұнда тәні қатты, ауру малдың өзіне тән клиникалық себептері жоқ”, – дейді Ветеринарлық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша испекциясының жетекшісі Марат Мұхтаров.

Бұған дейін Кәрім Мәсімов жағдайдың алдын алмаған облыс әкіміне шүйліккен еді.

Талқылау