Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық сібір жарасы бар малын сойып, етін ауылдастарына таратқан

 Қарағанды облысы әкімдігінің қызметкерлері  16  маусым күні тұрғындардың бірі жергілікті мал дәрігеріне  сиырының ауруына шағымданғанын айтады. Шаруа артынша ешкімге айтпастан ауру малын сойып, етін сатып жібереді.

мал111

 «Еркіндік ауылының екі тұрғыны сібір жарасы ауруынан  қайтыс болды. Олар осы дертті ауылдастарынан алған ауру малдан жұқтырған болулары мүмкін»,-дейді  Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тура осы ауылдың жеті тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген диагнозбен ауруханаға жатқызылған еді. Олардың екеуі қайтыс болып кетті. Олар бұл дертті ауру малдан жұқтыруы мүмкін деген болжам бар. Ал лабораториялық тексерулер қорытындысы әлі шықпапты.

 Ауыл тұрғыны жем жееп, су ішуден қалған малын арам қатпасын деген оймен, мал дәрігеріне хабарламастан сойып, етін көршілеріне таратып жіберген.

«Сол етті алған екі тұрғын қолдарына шыққан жарадан кейін ауруханаға жатқызылған еді. Дәрігерлер бірден «сібір жарасы» деген диагноз қойған. Бірден  облыстағы мал дәрігерлік инспекциясына хабарласып, болған жайтты баяндаған»,-делінген хабарламада.

 Науқастар тұтынған етті қазір облыстағы екі лаборатория тексеруден өткізіп жатыр.

 

Талқылау