Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық шеберлер шала туған сәбилерді жылы киіммен қамтып отыр

Бес жүзден астам жүннен тоқылған киімдер жиынтығы Қарағанды қаласындағы Михайловка перинатальды орталығына берілді.

6878642fbae55b31f6159ee40d580776

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Осылайша еріктілер шала туған балалардың бұл өмірге тезірек бейімделіп кетуіне көмектесуде.

Қарағандыда «28 ілмек» клубы жұмыс істейді, оның белсенділері жүннен киім-кешек пен тұрмысқа қажетті заттар тоқып, Қарағанды перинатальды орталығына тегін береді.

8d2c101e2bbad90c83302144e3c17216

«Біздің негізгі мақсатымыз – перинатальды орталықтарды жүннен тоқылған заттармен тегін қамту. Еріктілер материалды өз қаржысына сатып алады. Біз таза жүннен ғана тоқимыз, өйткені жүннің емдік қасиеті бар, мерзімінен ерте туған балалардың жылу алмасу жүйесі бұзылғанын да ескеру керек. Жүннен тоқылған заттар балаларды жылы ұстауға көмектеседі. Сондай-ақ жүн қан айналымын жақсартады, тікенді шұлықтар баланың аяғына массаж жасайды»,- дейді «28 ілмек» клубының жетекшісі Ғалия Нәбиева.

b47a89bab096a5cb32108703ceb1acbe

Шеберлер тоқитын жинаққа желетке, бас киім, шұлық және жылы орамал кіреді. Жүн орамалмен баланы ораса да, кілемше ретінде төсесе де болады.

 

Талқылау