Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық «Шахтердің» жартылай қорғаушысы Эрфан Зенели үйленді

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының жартылай қорғаушысы Эрфан Зенели үйленді. Бұл туралы кеншілердің баспасөз қызметінен хабарлайды.

aaaa

Сурет vesti.kz

«Футбол клубы қарағандылық «Шахтердің» жаңа ойыншысы Эрфан Зенели мен оның қалыңдығы Лиданы неке тойымен құттықтайды! Жас жұбайларға үлкен бақыт пен амандық, отбасылық жылулық тілейміз», – делінген хабарламада.

Эрфан Зенели Финляндия ұлттық құрамасының ойыншысы, ол қазақстандық Премьер-лигада бірнеше матч өткізіп үлгерді. Бұған дейін жартылай қорғаушы Чемпиондар лигасында финдік ХИК-тің «Астанаға» қарсы ойнаған құрамына қатысты.

aaaaaaaaa

Сурет vebidoo.com

Эрфан Зенели қарағандылық “Шахтер” сапын осы маусым аралық үзілісте толтырған. Жартылай қорғаушы қазірге дейін ҚПЛ аясында екі матчқа қатысты. Әзірге нәтижелі соққысымен көзге түскен жоқ.

Талқылау