Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық саунада 1,3 миллион теңге тұратын алқа ұрланды

Қарағандыда 25 жастағы тұрғын бағасы миллион теңгеден асатын алқаны ұрлады деп күдіктелуде.

Қарағандылық саунада 1,3 миллион теңге тұратын алқа ұрланды

Бұл туралы еkaraganda.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды

18 қазанда қаладағы сауналардың бірінің әкімшісі полицияға хабарласып, белгісіз біреудің құны 1 311 100 теңге тұратын алтын алқаны ұрлап кеткенін хабарлаған.

Аталған факті ҚР ҚК 188-бабы 3-тармағы (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiру арқылы жасаған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізімдемесіне тіркелді.

Шұғыл алдын алу шараларының барысында қылмыстық полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғынын ұстады.  Одан заттай айғақ тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау