Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық полицейлер ес-түссіз жатқан жүкті әйелді құтқарып қалды (видео)

Қарағандыда облыстық ІІД полицейлері жүкті әйелді құтқарып қалды. Олар келіншектің көлікте ес-түссіз жатқанын көріп, оны қаладағы ең ірі емханалардың біріне жеткізді.

Бұл туралы nv.kz-ке сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Полиция капитаны Дәурен Әбдішев, лейтенант Мақсат Серікбеков пен Мақсат Смайылов «Қарағанды-Павлодар» трассасына барар жолда тоқтап тұрған көлікті байқаған. Басын орындыққа сүйеп отырған әйел тәртіп сақшыларының назарын бірден аударған-ды. Салонда болған жолаушы әйел жүкті жүргізушіге көмек көрсетуге тырысқан.

«Көлікті көрген кезде әйелге бірдеңе болғанын бірден түсіндік. Кері бұрылып, ес-түссіз жатқан әйелді көрдік. Көлікте жолаушы әйел мен кішкентай бала бар еді. Жолаушының қарсылығына қарамастан, жедел жәрдем шақырттық», – дейді Дәурен Әбдішев.

Бірақ полицейлер көп күтпестен, әйелді көліктеріне отырғызып, ауруханаға өздері жеткізген. Көп ұзамай әйелдің ата-анасы келіп жеткен, ал әкесі ұлын алып кеткен.

Полицейлер есін жоғалтқан әйелді ауруханаға көтеріп алып кірді. Кейіннен анасы қызының диабетпен ауыратынын және жүктіліктің 8-апталығында екенін айтты. Әйел сол сәтте жансақтау бөліміне жатқызылды.

Тәртіп сақшыларының арқасында әйел де, оның құрсақтағы сәбиі де аман қалды.

«Сол кезде алғыс айтуға мүмкіндігіміз болмады. Шұғыл әрі кәсіби түрде әрекет еткендеріңізге және адами тұрғыдан рақмет! Екі адамның өмірін құтқарғандырыңыз үшін алғыс», – деп жазды қыздың ата-анасы ІІД-ге жолдаған хатында.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысының кәсіпкері 5 жылдан бері балаларды тегін тамақтандырып келеді

Алматы облысында екі жасөспірім жоғалып кетті

Өскеменде темір ұсташы әйел мүгедек балаларға арналған дәмхана ашуды армандайды

ШҚО мешітінің бас имамы ғаламторда имам мен актрисаның шу болған суретіне қатысты пікір білдірді

Талқылау