Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық өз пәтерінен жапон әйелі кейпіндегі елес көрді

Қарағандылық Петр Батталов бір күні кешкілік пәтер дәлізінен елес көргенін мойындады.

екек

Бұл туралы “Новый вестник” хабарлайды.

“Қоңыраудағы” қызға ұқсайтын ақ көйлек киген, қара шашы бар әйел болды. Ол жылай бастады. Мен оған жақындадым. Өйткені, түсініксіз нәрсені көрген кезде одан қорыққанша, оны барынша не екенін зерттеп көру керек. Бірақ мен жақындамақ болған кезде ол жылап, жерді тебе бастады да қашты. Мен де тоқтай қалдым. Не істеу керектігін білмедім. Менің үйімді әскери тұтқынға түскен жапондар салған. Әлгі елес әйел де жапон деп ойлаймын. Оның әскери тұтқындармен қандай байланысы болуы мүмкін екендігін білмеймін. Бұл өте қорқынышты әрі таңқаларлық болды”, – дейді Петр.

3-2-461x614

Петр гипс пен папье-машеден түрлі бетперделер мен қорқынышты кейіптер жасайды. Сол себепті де Петрдің пәтерінде елестер бар екен деген әңгіме желдей есіп кеткен. Тіпті досының өзі Петрдің үйіне қонаққа келуге қорқады екен. Ал суретшінің өзі болса қорқыныш әлемі өте қызықты дейді.

“Мен белгілі бір деңгейде қорқыныштың да өз ләззаты бар деп ойлаймын. Адамдар неліктен қорқынышты кинолар қарауға қызығады. Оларға қорыққан ұнайды. Мен суретші ретінде бұл сәтті бастан кешіп, туынды жасағым келеді. Қорқу кезінде қуанғандағыдай адам бойынан гармондар бөлінеді”, – дейді Батталов.


Оқи отырыңыздар:

Британияда жеткіншек жазғы демалысқа жігіт болып кетіп, мектепке қыз болып оралды (фото)

Мұғалім жабысқан көйлек кигені үшін желіде сынға ілікті

Әкесін Меккеге жіберу үшін өмір бойы ақша жинаған қызы арманын орындаған соң көз жұмды

Талқылау