Қарағандылық отбасы президентті үйіне қонаққа шақырды

Бейсенбі, 20 Қазан , 2016 11:19

Ғабдуллиндер отбасы тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында екі бірдей мерекені атап өтуде: ерлі-зайыптылардың күміс тойы және жаңа қоныс. 1991 жылы Бақытгүл Ғабдуллина Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұраған екен.

20161020105901

Бұл туралы “Хабар 24” хабарлайды.

Бақытгүлдің сол жолғы өтініші жауапсыз қалмаған. Енді әйел биыл қайтадан жаңа хат жазуда.

“Сәлеметсізбе, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Өз алғысымды жеткізе алмағаным үнемі жаныма батып жүретін. 1991 жылы мен балалар үйінен шығып, тұратын жерім болмағандықтан сізден көмек сұрадым. Сол жылы ел енді ғана тәуелсіздік алып, қоғам әлі етек-жеңін жинамаған кез еді. Сіз менің өтінішімді жерде қалдырмай, баспаналы болып, жұмысқа да тез орналастым. Менде өмір сүруге, қуануға себеп боларлық нәрсе бар және еліме пайдамды тигізгім келді”, – дейді әйел президентке жазған хатында.

Ғабдуллиндер отбасы тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп-өркендеді. Жақында жұп өздерінің күміс тойын атап өтеді. Ұлы Шыңғыс – медициналық университеттің бірінші курсында оқыса, 10-сынып оқушысы Әмина Америкада білім алуда. Бақытгүлдің өзі 20 жыл бойы есепші болып еңбек етіп келеді.

“Өз уақытында көрсетілген көмектің маңызы зор. Адамға бәрін бірден беріп керек емес. Тек бастапқыда қолдап жіберсе, әрі қарай көш түзеліп кетеді. Біз осындай көмектің арқасында қалыптастық”, – дейді ол.

Мейірлан Ғабдуллин бизнеспен айналысады. Сонау 90-жылдары кәуап пісіріп те тірлік жасаған. Қазір білдей бір мейрамхананың иесі. Бір қызығы ол да өз ісін 16 желтоқсан күні бастаған екен.

“Мемлекет менің жер сатып алып, бизнес бастауыма мүмкіндік берді. Менің жағдайымда бұл үлкен көмек еді”, – дейді Мейірлан Ғабдуллин.

Қазір жаңа үйлерінің құрылысын аяқтаған. Енді қоныс тойын тойламақ.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде белгісіз қайырымды адам үйсіз жүрген әйелге пәтер сыйлады

Алматыда қымбат фотоаппаратын алып шыққан жас жігіт жоғалып кетті

Баян Мақсатқызы өзін өлтірмек болды деп айыпталған күйеуін толықтай кешірді

Ресейлік «Братья Грим» тобының бұрынғы әншісі жынысын ауыстырмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар