Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұңғыш рет қарағандылық оқушы Голландиядағы беделді университеттің грантын жеңіп алды

Қарағандылық түлектер осы жылы тамаша білімі мен дайындықтарын паш ете алды. Қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Айбек Алтынбек голландиялық Fontys university of Applied Sciences университетіне оқу грантын ұтып алған алғашқы қазақстандық атанды.

C7KKj91R9lQ

Бұл туралы ZTB хабарлайды.

Нидерландыда ат-атағы бойынша екінші орында тұрған бұл оқу орны 1996 жылы ашылған. Айбек сұхбат барысында өзінің емтиханға қалай дайындалғанын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Айбек қазір 17 жаста. Бос уақытында спортпен айналысып, шет ел тілдерін меңгереді. Аталмыш әлемдік университетке түсу үшін дайындықты бір жарым жыл бұрын бастаған.

tH3BgTfLYb0

“Мен дайындық барысында ағылшын тілін үйреніп, IELTS емтиханынан жоғары балл алуды мақсат тұттым. Сондай-ақ, ол университеттің талабына сай техникалық пәндерден де дайындығымды пысықтадым”, – дейді ол.

Голландиядағы оқу мүмкіндігімен қатар, оған Сингапур, Венгрия, Германия, Канада елдерінің университеттерінен құжаттар жіберілген. Олардың барлығы да осы бір ақылды қазақ баласын оқуға қабылдауға құлық танытқан.

“Алайда Голландияның білім министрлігі маған грант беретіндіктен мен Fontys university of Applied Sciences университетін таңдадым. Ондағы білім деңгейі өте жоғары, әрі өте беделді оқу орыны”, – дейді Айбек.

Қарағандылық оқушының айтуынша, оның шет елдегі грантты ұтып алуына лицейдегі білімі де көп көмектескен. Әрине, баланың жеке мүмкіндігі мен еңбегі де өте маңызды рөл ойнады.

вмвмвм

Айбек оқитын университет

“Шынын айтқанда артық дайындық болған жоқ, бәрі әдеттегідей болды. Тек көп уақытымды оқуға сарп етіп, осы мақсатқа қол жеткіздім”, – дейді оқушы. Ол аталмыш университет қабырғасында IBMS (International Business&Management Studies) мамандығы бойынша білім алмақ.

“Оқуды тәмамдаған соң экономикасы дамыған елдердің бизнес саласында жұмыс істегім келеді. Қазақстандағы экономиканың жаңа бағытта дамуы үшін, өз пайдамды тигізіп, жаңалық әкелгім келеді”, – деді грант иегері. Ол шет ел оқу орнында білім алғысы келетін қазақстандықтарға өз мүмкіндіктеріне сеніп, мақсатқа жетпей тынбау керек деген кеңесін де берді.

Талқылау