Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық оқушы АҚШ-тағы Принстон университетінің білім грантын ұтып алды

Назарбаев зияткерлік университетін бітірген Айжан Ахметова АҚШ-тағы Принстон университетінің грантын жеңіп алды. Бұл әлемдегі ең көшбасшы оқу ордасы болып саналады.

img_1256

Сурет edu.gov.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Аталмыш университеттің түлектері мен оқытушыларының арасында Нобель сыйлығының 35 иегері бар екен.

Айжан Ахметжанованың жасы 17-де. Ол физика, математика, химияның күрделі есептерін оп-оңай шығара салады және әдеби шығармалары да ірі конкурстар да жүлдеге ілініп жүр. Қазіргі таңда ол АҚШ-қа кетуге дайындалып жатыр. Ол сол жақта оқу мен өмір сүруге қатысты грантты толықтай иеленген. Ата-анас тек ұшақ билетіне, сақтандыруға және кітап сатып алуға ғана шығынданады.

Принстон университеті әлемдік рейтингте математика бойынша 1-ші, физика бойынша 2-ші орында. Ол 1746 жылы құрылған. Бұл оқу ордасын Альберт Эйнштейннің өзі тәмамдап шыққан екен. Сондай-ақ, бұл университеттің дипломын алғандардың қатарында – Харуки Мураками, Фрэнсис Скотт Фицджеральд, АҚШ-тың екі президенті және астронавт Чарльз Конрад бар.

“Олар сенің қаржылық жағдайыңа қарамайды. Олар сенің қандай студент екеніңе баса мән береді. Қаншалықты олардың талаптарына сай келесің дегенге назар аударады. Егер сен көңілінен шықсаң онда барлық қаржылық жағдайды да өздері көтереді”, – дейді Принстон университетінің болашақ студенті Айжан Ахметжанова.

Айжанды еліміздегі ең ақылды қыздардың бірегейі деп атауға болады. Оны ғылым жолына бағыт алуына техникалық университетте мұғалім болып істейтін ата-анасы себеп болған. Ол Назарбаев зияткерлік мектебінде керемет білім алып, оқу орнын “Алтын белгімен” аяқтап отыр. Сондай-ақ, қыз репетитор жалдамай, өз бетінше интернет арқылы оқып үйренген. Арнайы сайттарды пайдаланудың арқасында әлемнің озық ұстаздарынан тәлім алу мүмкіндігі туып отыр.

Оқуға түсу үшін Айжан физика, математика, химия пәндерінен тұратын SAT халықаралық емтиханын тапсырып 2400 сауалдан 2140 балл жинаған. Ал ағылшын тілінен өткен емтиханда TOEFL бойынша 677-ден 657, ал IELTS емтиханында 9,0-ден 8,5 балл жинай алған.

“Айжан уақытты тиімді пайдаланды. Ол – көптеген халықаралық және республикалық олимпиадалардың да жеңімпазы болды”, – дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің педагог-кураторы Әлия Ермағамбет.

Биылғы жылы Принстонға әлемнің әр түкпірінен 30 мың талапкер өтініш білдірген. Ал бөлінген орын 1800 ғана. Ал Айжан онда “қала құрылысы инженериясы” мамандығы бойынша білім алмақ. Айжан әр жаз сайын ата-анасына келіп тұрудың қиын екенін түсінеді. Гранттың бір шарты – университетте жұмыс жасау екен. Егер, сәті түсіп жатса ол тек магистратураны ғана емес, доктарантураны да АҚШ-та оқымақ. Ал бұған 10 жыл уақыт кетеді.

Талқылау