Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық мұғалім 5-сынып оқушыларына адам ұрығы жайлы жұмбақ жасырған

Қарағандыда 5-сынып мұғалімі оқушыларға сексуалды сипатта жұмбақ жасырған. Анығырақ айтсақ, сұрақ «Оқушылар, мына тапсырманы тауып көріңдерші, жол апатынан кейін әкесі мен 2 жасар баласы қалай аман қалған?» деген мазмұнда болған.

мужчина-с-ребенком

Көрнекі сурет: hitrostidomashnie.ru 

Оқиға 26 сәуір күні Қарағанды қаласындағы 38-гимназиясында бірінде болған.

Бұл жайлы желі қолданушыларының Facebook желісінде жариялаған жазбалары мен суреттері арқылы белгілі болды.

5-сынып мұғалімі оқушыларға сексуалды сипатта жұмбақ жасырған. Анығырақ айтсақ, сұрақ «Оқушылар, мына тапсырманы тауып көріңдерші, жол апатынан кейін әкесі мен 2 жасар баласы қалай аман қалған?» деген мазмұнда болған. Оқушылар бұл сұраққа түрліше жауап беріп, бірі әкесінің баласына ет беріп тамақтандырғанын айтқан. Алайда, мұғалім оқушылардың ересек екенін, мұны табуы керек екенін де атап өткен. Ақырында оқушылардан қажетті жауабын ала алмаған мұғалім «Әкесінің ұлын шәуетімен тамақтандырғанын» айтқан. Оқушылар мұның мән-жайын түсінбегендіктен, мұғалім мұның мағынасын түсіндіріп берген.

Осыдан кейін ата-аналар педагогтың жұмыстан кетуін талап еткен. Мұғалім гимназияда үнемі қосымша үйірмелер жүргізіп келген. Алайда, ешбір оқушымен арада ұрыс болмаған. Кейіннен курс өткізіп жүрген мұғалімнің орынын ауыстырған. Ол 5-7, 9-сынып оқушыларына өнер және сызу пәндерін оқытқан.

Мектепте қызметтік тергеу жүргізіліп, мұғалімнің түсініктеме жазуын талап еткен. Алайда, ол түсініктеме жазудан бас тартқан. Ақырында ата-аналардың мектеп директорына айтқаныдарын жала деп жазып, өз еркімен жұмыстан кеткен. Сондай-ақ, енді оқушыларды оқытпайтынын да айтқан. Мұғалімнің жалпы еңбек өтілі 50 жылдан асқан.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайда мұғалім оқушы қызды балалардың көзінше зорламақ болды

АҚШ-та оқушысына интимдік суреттер жіберген мұғалім жұмыстан қуылды

Талқылау