Қарқаралыда көріпкел полицияға талай қылмысты ашуда көмектескен

Жұма, 10 Маусым , 2016 11:13

Қарқаралы тұрғыны Төлеубике  Накина ерекше дарын иесі. Ол адамның  өткенін, қазіргі өмірін, болашағын  көріп қайтқандай болжап айтып береді.  Буке апаға мәскеулік оқымыстылар жиі хат жазып тұрған. Олардың мақсаты көріпкел Ресей астанасына көшіп барса, оның бойындағы ерекше қасиетті зерттеп, түсіну. Алайда Төлеубике апа  мұндай ұсынысты қабыл алмаған. Өз ауылын тастап кетуге қимаған.

төлеубике

Бұл туралы Наша Ярмарка басылымы жазған.

Төлеубике апа 1914 жылы туылып, 1990 жылы  76 жасында қайтыс болған. Басылым оның айтқандары «жүз пайыз болатынына» жұртты сендіре жазған. Оның бойындағы ерекше қасиет нағашы атасы Бекқожадан дарыпты. Бекқожа ақсақал да өз дәуірінде белгілі көріпкел болған.

Төлеубике апаның бойындағы қасиетті  полиция қызметкерлері үнемі пайдаланып отырған көрінеді. Басылым көріпкелдің көмегімен тәртіп сақшылары ашқан бірнеше қылмыстық оқиғаға тоқтала кеткен.

«Бірде Қарқаралыда ұрылар университет ішіне кіріп бірталай дүниені қолды еткен. Сол кезде қылмыстық істер бойынша бөлім басшысы Төлеубике ападан көмек сұрап келіпті. Полиция ізін таппаған оқиға жайлы көріпкел мынадай сурет салған: ұры біреу, ол Қарқаралы даласында ұйықтап жатады. Полиция көріпкелден нақты сол даланы көрсетіп беруін сұрайды. Сол кезде ерекше адам тәртіп сақшыларын ертіп ұрының қасына алып барады. Университет дүниесін қолды еткен азамат жымқырған заттарды жанына қойып ұйықтап жатқан екен»,- деп жазады басылым.

Тағы бір осындай оқиғаны басылым тілшісіне көріпкелдің қызы Раушан Накина айтып берген.

«1974 немесе 1975 жылдың кезі. Анам екеуміз  жасы келген туысымыз өлім аузында жатыр деп ауылға барған болатынбыз. Сонда осы Қарқаралыдағы түрме басшысының құжаттары жоғалып кетіпті. Ол ізімізден анамды іздеп ауылға барған. Түрме бастығы анамның алдына тізерлеп отырып көмек қолын созуын сұрады. Сол кезде анам «Болды сөйлеме, мен бәрін біліп тұрмын. Көмектесемін. Сіздер науқас кісіні жерлеуге дайындалыңыздар, үш күннен кейін қайтыс болады. Ал, біз қылмыскерді табу үшін қалаға кеттік» деді. Расымен үш күннен кейін әлгі туысымыз қайтыс болды. Анам түрме басшысына «Сотталғандардың барлығын көрсет. Солардың бірі  менің қасыма келгенде кілтін түсіріп алады. Құжаттарды ұрлаған міне сол адам болады» деді. Мен оқиғаның барлығын өз көзіммен көріп тұрдым. Расымен бір ер адаммен кездесу кезінде оның қолындағы кілті жерге түсіп кетті. Ол сол жерде-ақ құжаттарды өзі ұрлап, далада дәретхана үшін қазылған шұңқырға тастап жібергенін айтты»,-дейді  көріпкелдің қызы  Раушан.

Кейіннен түрме басшысы Төлеубике апаға алғыс ретінде бір қой әкеп тастапты.

Көріпкел Ақтоғай тұрғындарына жалақысын өз уақытында алуға да көмектескен. Сол жердегі кеңселердің бірінде ұры  кассадан қомақты қаржыны жымқырып кеткен. Басшылар бұл ұрлықта кассирдың өзін күдікті көрген. Сол кезде амалы құрыған кассир өзін  Қарқаралыдағы көріпкелге алып баруды сұрапты.

« Төлеубике апа өзін іздегендерді сезіп, күтіп жатыр еді. Ол алыстан келетін қонақтарды сезіп, оларға тамақ дайындатып қоятын. Ол алдымен қонақтарды тамақтандырып алып кейін кассирге « Ақшаны сен алған жоқсың. Сол күні сен әріптестеріңнің бірімен ішімдік іштің, ақшаны сол алды. Ол сендер іздеген ақшаны шеберханадағы  станоктың астына жасырып қойды. Қазір ертерек барсаңдар ақша өздеріңе қалады. Әйтпесе ұры жасырған жерінен алып кету үшін кележатыр» деді. Осылайша көпшілік іздеген ақша табылып, адамдар жалақыларын уақтылы алған еді»,-делінген мақалада.

Тағы бір жағдай Буке апа  Жамбылдағы 13 жасар қызды іздеп тапқан. Ол оқиға болған үйге келісімен полиция мен қыздың туыстарына оның тірі екенін, бір еркек оны жасырып ұстап отырғанын айтқан. Тіпті полиция қызметкерлері таппаған үйді көріпкелдің өзі барып көрсетіп, қылмыскерді ұстап беріпті.

«Қарқаралы тұрғындары әлі күнге Буке апа жайлы айтып отырады. Ол адамдарға қиын сәтте көмектесіп, өз еңбегі үшін ешкімнен ақша талап етіп көрмепті. Сондықтан да оны қазірге дейін адамдар естеріне түсіріп, сыртынан алғыстарын айтып отырады»,-деп жазған басылым.

Ұқсас материал:

Ақтөбедегі аты шулы Қыдыр атаның бір күні

Аралқұмдағы емші бала Ербосынның өмірі қазір айтарлықтай өзгерген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар