Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық көпбасылы отбасы дағдарыс кезінде қайырымдылықпен айналысуда

Қарағандыдағы 5 балалы Жұмаділдиндер отбасы өздерінің жағдайларының орташалығына қарамастан қайырымдылықпен айналысуды жөн көрген. Олар демалыс күндері сайын үйіне мұқтаж жандарды кіргізіп тамақтандырып, қолдарынан келген көмекті аямады екен.

87676798

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

33 жастағы Әнуар Жұмаділдин мен әйелі екеуінің 5 баласы бар. Ең кішкентайына 9 ай ғана болыпты. Әнуар – кәсіби фотограф және оператор.  Олар елдегі бай адамдардың қатарына кірмесе де, қайырымдылық танытып жатыр.

«Түсінесіздер ме, 13-14 метр болатын бір бөлмеде 8 адам тұрады. Бір бөлмеде тамақтанып, бір бөлмеде ұйықтап, сол жерде жуынады. Тіпті, балалар үйдегі ваннаны, ондағы көп мөлшердегі суды көргенде шошып кетті», – отағасы.

87676798-2

«Олардың мұндай күйі өзгенің де басына түсуі мүмкін ғой. Сондықтан көмектесуді жөн көрдік. Аналары үшін де, балаларының балалық шағынан да жақсы естеліктер қалу керек қой. Маған оларға көмек көрсету ешқандай қиындық туғызбайды. Сондықтан жолдасымның айтқанын қолдадым», – дейді Әнуардың әйелі Бақытты Қанапинова.

Олардың балалары да келушілермен достасып үлгеріпті. Тіпті, әр демалыс сайын оларды күтумен жүреді. Қайырымды отбасы оларды қайырымдылық қоры арқылы тапқан.

«Мен оның 5 баласы барын, оның өзіне көмек керек екенін көрдім. Бірақ, ол бізге көмектесетінін айтты. Мұндай көп балалы отбасының өзгелерге көмек қолын созуы бұрын соңды болмаған», – дейді «Балалар әлемі» қайырымдылық қорының президенті Юрий Полохов.

Жұмадільдиндер бастапқыда екі отбасыға түскі ас дайындаған болса, алдағы уақытта қонақтарының тізімін көбейтпекші екен.

Талқылау