Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық келіншек туысын өлтіруге «тапсырыс» беріп киллерден оның құлағын әкелуді сұраған

19 желтоқсан күні Қарағанды облыстық  ІІД ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасы  туысын өлтірту үшін адам жалдаған 54 жастағы әйелді қолға түсірген.

1111

«Жалдамалы адам өлтіргіштің рөлін облыстық ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері сомдаған. Қала тұрғыны туысын өлтірту үшін 400 мың теңге төлеуге келіскен. Оның мақсаты  туысының атындағы баспананы алып алу болған»,-деп хабарлайды облыстықІІД баспасөз хатшысы.

Туысын өлтіруге адам жалдаған әйел істі бастамас бұрын жалдамалыға 50 мың теңге төлеп қойған.

« Әйел туысының өлгеніне көз жеткізу үшін киллерге еркектің құлағы мен оң қолын әкеліп беруді сұраған. Басқарма қызметкерлері 54 жастағы әйелге жалған фото, видео материалдар түсіріп, жасанды құлақты жеткізді»,-делінген  Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің хатында.

Қарағанды тұрғыны киллерге қалған ақшаны төлеп жатқан кезде ұсталған. Қазір ол уақытша тергеу абақтысына жабылған. Іс ҚР ҚК 99 бабы «Қасақана адам өлтіру» бойынша қаралып, сот алды тергеу жұмыстары басталып кеткен.

 

 

Талқылау