Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық департамент директорына қабір басына қойылатын гүл жіберген

Қарағанды полициясы «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің директоры Евгений Ромащинге қабір басына қойылатын гүл жолдаған жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Батырхан Смаилов мәлімдеді.

гүл

Сурет:ribalych.ru

«Қарағанды облысының 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған фактіге қатысты материал ҚР ҚК 115-бабында («Қорқыту») қарастырылған қылмыс белгілері бойынша бірыңғай реестрге тіркелді. Қазір тергеу жүріп жатыр, қамауға алынған ер адам кінәсін мойындады», – деп мәлім етті Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі жетекшісінің м.а. Батырхан Смаилов.

Келеңсіз жағдай 28 шілде күні орын алған. Көмір департаментіне гүлді такси жүргізушісі әкеп тастаған, ызаға булыққан директор полицияға шағымданды.

Естеріңізге салып өтсек, 10 шілде күні кешке таман Теміртауда белгісіз біреу «АрселорМиттал Теміртау» АҚ корпоративтік коммуникациялар және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Зухра Сұлтановаға шабуыл жасады. Полиция аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. АМТ баспасөз қызметінің басшысына жасалған шабуыл ісі бойынша куәгер ретінде журналистерден жауап алынуда.

 

 

Талқылау