Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық дүкеннен шыққан сәтте өмірімен қош айтыса жаздады

Қарағандылық әйелімен азық-түлікке барып, есінен шықпастай оқиғаға тап болды. Алынған тауарға ақы төлеу кезінде бұл жұптың қалтасындағы ақша жетпей қалған. Отағасы көліктен қалған ақыны әкелу үшін тұраққа қарай жүгіре бет алған. Дүкендегі негізгі әйнек есік ашылмай қалып, азамат сол жерде ауыр жарақаттан есінен танып қалған.

соғысты

Бұл туралы 31 арна жазды.

Бұл отбасы мәселені ел көлемінде көтеруді тіпті жоспарламаған. Тек дүкен басшылары олардан кешірім сұраудың орнына сынған есіктің ақысын төлеулерін талап еткен. Ал жараланған азаматтың шекесі мен қол терісі кесіліп, айтарлықтай қан жоғалтыпты. Тіпті жарақат алған жерін тіктіргенімен әлі ісік пен көгерген іздер кетіп үлгермеген.

«Мен не болғанын түсінбей қалдым. Бұрылып қалсам әйелім бар даусымен айқайлап жатыр. Қолым, басым таңылғанын көрдім, айналам қызыл қан»,-дейді зардап шеккен Сералы Налыбеков.

есік

Әйел күйеуі жарақаттанған сәтте дүкен қызметкерлерінің ешқайсысы алғашқы көмек көрсетуге асықпағанына ренжулі.

«Біз сынған есікті жөндеп беруіміз керек екен. Мен мұны тұтынушыны, қарапайым адамды мазақ ету деп түсінемін. Мұндағылар тіпті солардың кесірінен жарақат алған адамның жағдайын білуді де ойлаған жоқ»,-дейді жәбірленушінің әйелі Алтын Каникар.

Ал заңгерлер болса дүкен иесінің осы оқиғада толық кінәлі екенін айтуда. Тіпті дүкен алдындағы тазаланбаған мұздан адам құлап, жарақат алатын болса да дүкен иесін жауапқа тартуға болады дейді олар.

Ал ашылмай қалған әйнек еісікке соғылып жарақат алған азамат енді тұтынушылар құқын қорғау ұйымының кеңесінен кейін полицияға шағым түсіріп қойды. Алдағы уақытта істі қарау жұмыстары басталады.

Талқылау