Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желі арқылы танысқан қарағандылық бірінші кездесуде қыздың телефонын ұрлап кетті

Қарағандылық жігіт  ғаламтор арқылы танысқан қызбен бірінші кездесуде оның телефонын ұрлап кеткен деп жазады «Наша ярмарка» басылымы.

жігіт

 

Болған жайт әлеуметтік желілер арқылы танысып, олармен жүздесуге құмар адамдарға сабақ болса керек.

28 жастағы Марат Аханов желіде отырып Гүлмира Садықованы кездесуге көндірген.

« Маған өзгелердің қамқорлығы мен мейірімінен басқа ештеңе де қажет емес. Мені түсінетін жанды іздеп жүрмін»,-деп жазған жігіт қызға.

Екі баланың әкесі қызбен басын айналдыру мақсатында  өзін бойдақ әрі кәсіпкер деп таныстырған.

Негізінде, ол  фермерлік шаруа қожалығында қара жұмыс істейтін болып шықты.

Мараттың қызды алдап соққаны соншалықты кездесуге шақырып, бірден келісімін алған.

Олардың алғашқы кездесуі ойламаған жерден болған. Сол кезде Гүлмира Мараттан арнайы  бір жерге бару ұсынысын да күткенін жасырмайды. Тіпті соған жоспарлап уақыты мен жұмыстарын да реттестіріп қойыпты.

Тамақтану орнына барған екеуі жақыннан таныса бастаған кезде «кәсіпкер» жігіттің шұғыл шаруалары шығып қалады. Телефонында  қаржы бітіп қалды деген сылтаумен ол қыздың ұялы байланысын сұрап тұрады. Сөйлесіп тұрып «Қазір әріптесім көлікпен келеді. Мен оны сырттан тосып алайын» деген сылтаумен Марат шығып кетеді.

 

Қыз жігітті  стол басында жалғыз отырып екі сағатқа жуық уақыт күтеді. Ақыр соңында алданғанын сезген ол тапсырыс берген тамақтардың ақысын төлеп, телефонын тауып береді-ау деген үмітпен полицияға хабарласады.

 

Тәртіп сақшылары күдіктіні 43 мың теңгенің телефонын сатып жібірмек болып тұрған жерінен ұстайды.

Жігіт өз әрекетін «Ақша қажет болғандықтан, амалсыз бардым» деп түсіндірген.

 

Жәбірленуші жігіттің жазалануын талап етпегендіктен сот «кәсіпкердің» бір жылға бас бостандығын шектеді.

 

Талқылау