Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық азамат тұрмысы төмен отбасылардың қыздарын жезөкшелікке мәжбүрлеген

Қарағандылық ер адам айыпты деп танылып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық сотында жезөкшелікпен айналысатын мекенді ұйымдастырумен және жеңгетайлықпен айналысқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

D8A1B3FD-D105-41F7-BBA0-E4CB8A894B0E_cx7_cy1_cw69_w987_r1_s_r1

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Аудандық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушы бірнеше сотталушымен алдын ала сөз байласып, тұрмысы нашар отбасыдан шыққан қыздарды жезөкшелік құлдыққа салу туралы қылмыстық жоспар құрған. Қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Сот үкімімен айыпталушы бірнеше қылмыс жасауда кінәлі деп танылып, жалпы мерзімі 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды және оның мүлкі тәркіленіп, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда « жезөкшелік жеңгетайлықпен» айналысқан экс-полиция полковнигі сотталды

Атырауда ұзақ уақыт бойы жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды

Қазақстанда жеңгетайлықты кәсіп еткен ірі қылмыстық топ әшкере болды

Павлодарда жеңгетайлықпен айналысқан 23 жастағы бойжеткен ұсталды

Талқылау