Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық ардагерді қарызын сұрағаны үшін соққыға жықты

Қарағандылық ардагер көршісінен таяқ жеп, мерекені ауруханада қарсы алды. Жауды жеңсе де, бейбіт күнде жәбір көрген қария қарызын сұрағаны үшін айыпты болып шыға келген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

ввв

Тыл ардагері Тұрсын Қошжанов ауылдасынан берешегін сұраймын деп басы бәлеге қалған. Екі ағайынның бір-бірімен жасалған ауызша келісімі бойынша ардагер көршісінен қарызды қайтаруын талап етеді. Алайда ұрыс шығып, оның арты қол жұмсаумен аяқталған. Қазір онсыз да әл-дәрмені азайған қарияның миы шайқалып, дәрігерлерге қаралып жүр.

“Бір уақытта миым солқ ете түскенін білем. 10-15 минут жатып қалдым. Маңайымда ешкім жоқ. Сосын бір ойнап жүрген балалар «ата, ата» деп әлгі тілеуің бергірлер тұрғызды. Есіктің алдында құдық бар. Сол құдықтың жанында тұр әлгі ұрған жігіт”, – дейді тыл ардагері Тұрсын Қошжанов.

Талқылау