Қарағандылық 7 жасар қыз Мәскеудегі сұлулық байқауында жеңімпаз атанды

Қарағандылық 7 жастағы Аиша Әбенова 7-9 жас аралығындағы беделді халықаралық талант және сұлулық «Mini Miss Grand Prix Russia 2018» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі eKaraganda сайтына сілтеме беріп.

Қарағандылық 7 жасар қыз Мәскеудегі сұлулық байқауында жеңімпаз атанды

Бас жүлдеден бөлек кішкентай ару «Mini Miss Grand Prix Russia Instagram» номинациясымен марапатталды.

Мәскеу қаласының орталығында орналасқан қонақүйде өткен байқауға ресейліктерден бөлек, алыс жақын шетелдік 3-13 жас аралығындағы кішкентай қыздар қатысты.

Қарағандылық 7 жасар қыз Мәскеудегі сұлулық байқауында жеңімпаз атанды

Мәскеудегі сұлулық байқауына жолдама алмай тұрып, Аиша Әбенова «Mini Miss Karaganda 2018» байқауын ұтып алған.

«Аишаның жеңісі біз үшін таңсық болмады. Жасының кішкентайлығына қарамай, ол лезгинка биін өте тамаша билейді, ән айтады, пианинода ойнай алады, сурет салады және өлеңдер оқиды», – дейді «Mini Miss Karaganda 2018» байқауының ұйымдастырушысы, Art line модельдік агенттігінің директоры Мадина Ахметбаева.

Аиша болашақта Әлем аруының тәжін тағуды армандайды екен. Оның ойынша, бұл атаққа ие болған қыздар өте сұлу, ақылды, әрі мейірімді болады. Ол соларға ұқсағысы келеді.

Қарағандылық 7 жасар қыз Мәскеудегі сұлулық байқауында жеңімпаз атанды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар