Қарағандылық үш жүкті әйел көп ақшаға кенелу үшін алаяқтық әрекет жасаған

Сейсенбі, 5 Шілде , 2016 11:37

Әлеуметтік сақтандыру қорын алдап соғу туралы идеяны жуырда ғана босанған Қарағандылық әйел ойлап тауыпты. Ол жүктілік кезі мен туғаннан соң ең жоғарғы жәрдемақы алу үшін пайда әкелетін бұл идеясын құрбыларына айтып кеңес берген.

4444

Сурет krokha.ru

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жүкті әйелдер жалақылары туралы жалған құжат жасап, әрқайсысы 800 мың теңгеден астам ақшаға ие болған.

Мұндай үлкен қаражатты алу үшін олар тіпті әр ай сайын сәйкес келетін әлеуметтік аударымдар да жасап отырған. Алайда өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам болып шығып, олар алған қаражаттарын дұрыс жұмсап та үлгермеген.

“Бізде күдік пайда болды. Ережеге сәйкес қордың 236 филиалы 25 күн ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеріп шығу құқығына ие”, – деп түсіндірді әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорының директоры Сария Хасанова.

Әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкерлері болашақ аналарға жаны ашып, оларды полицияға бермеген. Ал алдаған қыздар болса ақшаны толықтай қайтарған. Олардың барлығының табысы аз отбасы өкілдері екені белгілі болды.

Енді тек істі ұйымдастырушы ғана жазаға ілікпек. Құрбыларын жалған құжат жасауға итермелеп, алаяқтық жолға салған әйел бір жылға бас бостандығынан шектелді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар