Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыға барған Мәсімов күйдіргі дертіне тосқауыл қоймаған облыс әкімінің шаңын қақты

Осы дерттен екі адамның өлімі тіркелген Қарағанды облысына бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімов барған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

masimov-5

Сурет 365info.kz

Елімізде аса қауіпті күйдіргі дерті тараған тағы бір ауыл карантинге жабылды. Шығыс Қазақстан облысындағы Қалбатау елді-мекеніне де енді еркін кіріп-шығуға рұқсат жоқ. Мұнда ауру жұқтырған 2 адам қазір қалыпты ем алып жатыр дейді дәрігерлер.

Жалпы, қауіпті індеттің тарауынан соң облыстың бас ветеринары, аудандық ветеринария бөлімнің басшысы, ауылдың мал дәрігері мен Шет ауданы әкімінің орынбасары жұмыстарынан қуылған. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу басталып, бірқатар шенеуніктерге сөгіс жарияланды. Қолдарында екі науқас өлген дәрігерлерге қатысты да тексеріс жүргізілмек. Ал ауруханадағы 8 адамның беті бері қарапты. Бұл дертке екпенің дұрыс жасалмауы мен төрт түліктің мал қорымының жанына жайылуы себеп болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Қазір ел бойынша 700, ал Қарағанды облысында 10 мал қорымы қараусыз жатыр екен. Сондықтан үкімет басшысы осындай нысандарды қадағалауға алуды қатаң тапсырды.

“Жылда жайылып жүрген жері ғой” деп қолды бір сілтеген боларсыздар. Қорымдарды қоршауға ақша болмады дегенге ешкім сенбейді. Тек соны ешкім керек санамаған. Осы жұмысты қатаң түрде қолға алып, үкіметте есеп бересіздер. Қорымдардың картасы жасалып, ғаламторға салынсын. Өйткені оны ел біле жүргені дұрыс”, – деді ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Оқи отырыңыздар:

Еркіндігі шектелген Еркіндік тұрғындарының бүгінгі жағдайы (видео)

Қарағанды облысында күйдіргіден көз жұмғандар хлор себілген табытпен жерленді

Талқылау