Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы жол апатынан академиялық оркестрдің әртісі қаза тапты

Қарағанды облысындағы жол апатынан Байжанов атындағы академиялық оркестрдің әртісі қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz.

© Tengrinews.kz

20 қараша күні Қарағанды-Қарқаралы тас жолында, Ботақара ауылынан екі шақырым қашықтықта жол апаты болды. Музыканттар мінген “Volkswagen Golf” автомобилі қарсы бағытқа шығып кетіп, “Volkswagen Passat” көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан “Golf” жүргізушісі, музыкант Әлібек Сәрсембеков және  оркестр мүшесі ауруханаға жеткізілді. Үшінші жолаушы әртіс Арман Қадырбек алған жарақаттан қаза тапты. Сонымен қатар, “Volkswagen Passat” жүргізушісі мен оның 67 жастағы туысы ауруханаға жеткізілді. Қарағанды облысы ІІД мәліметінше, осы дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау