Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы браконьерлер шабуылы: Қасымов инспекторларға неліктен көмек кеш жеткенін түсіндірді

Қарағанды облысында браконьерлердің шабуылына тап болып, жарақаттанған табиғат қорғаушылар екі жарым сағат бойы айдалада жатып қалған. ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов инспекторларға неліктен көмектің кеш жеткенін түсіндірді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Қалмұханбет Қасымов

Министрдің сөзінше, айдалада қансырап жатқан инспекторларға көмектің кеш жетуіне ауа райы себеп болыпты. Сонымен қатар қаскөйлер GPS навигаторларды ала кеткендіктен, зардап шеккен инспекторларды табу қиынға соққан.

«Біз жараланған инспекторларды таңертең ауруханаға жеткізгіміз келген. Алайда ауа райының қолайсыздығына  байланысты түске дейін құтқару тікұшағын көкке көтере алмадық.  Сондықтан біраз уақыт  жоғалтып алдық», – дейді Қасымов.

Ведомство басшысының айтуынша, ақбөкендерді аулаған браконьерлер екі джиппен жүрген. Бүгінде олардың тұлғасы анықталды. Күдіктілер – Қызылорда облысының тұрғыны.

Сондай-ақ, Қасымов күдіктілердің арасында құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдардың қызметкерлері жоқ екенін айтты.

Еске сала кетсек, оқиға 13 қаңтарда Қарағанды облысында болды. “Охотзоопром” кәсіпорнының қызметкерлері өлтірілген сайғақтардың терісін табады. Кейін ісзге түсіп, екі көлікті тоқтатады. Тексеру кезінде браконьерлер олардың өзіне шабуылдайды. Екі ер адам да ауруханаға түсіп, бірнеше сағаттан соң бірі қайтыс болды.

Ал бүгін марқұм Ерлан Нұрғалиевтің денесі жер қойнына тапсырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау