Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жарылыс ұйымдастырмақ болғандар Сирияға аттануды жоспарлаған

Қарағанды облысында жарылыс ұйымдастырмақ болған террористер Сириядағы соғысқа аттануды жоспарлаған, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

65072-preview-image

Сурет: www.kazpravda.kz 

Тіпті дінінен адасқан қарулы топ Балқаш қаласындағы ресейдің әскери бөліміне шабуыл жасап, қару-жарақ алуды ойластырыпты. Сөйтіп елдің тыныштығын кетіріп, дүрбелең туғызбақ болған.

Алайда, арнайы қызмет олардың жолын кесіп, лаңкестерді түгел құрықтады. Балқаш соты тірідей қолға түскен 7 содырды екі айға қамауға алуға санкция берді. Изоляторға тоғытылғандарға қатысты «террористік топ құрды», «заңсыз қару сақтады» деген қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша айып тағылған.

Айта кетсек, маусым айының соңында Балқаш маңындағы Гүлшат ауылының тұрғындары жарылғыш зат әзірлеп, Қарағанды облысында бірнеше теракт ұйымдастырмақ болған. Радикалдардың жоспарын күні бұрын білген Ұлттық қауіпсіздік комитеті олардың мекен-жайына кіріп барғанда, лаңкестің бірі өз үйінің шатырында жарылғышты іске қосып, өзін жарып жіберген еді. Содырлардың барлығы салафизм ағымын ұстанған. Қарағандыда террорлық шабуыл жасамақ болған алты адам ұсталған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

13 жасар алматылық содырға ғашық болып, Сирияға бармақ болған

Павлодарда Сириядағы соғысқа бармақ болған жігіт сотталды

Ақтөбедегі террористерге Сириядан үндеу жасалған болуы мүмкін

Талқылау