Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жол ақысын қолдан көтеріп жіберген кондукторға іздеу жарияланды

Қарағандыда  №29 маршруттың жүргізушісі мен  кондукторына іздеу жарияланды деп хабарлайды қалалық әкімдік қызметкерлері.

кондуктор

Тура осы бағыттағы автобуста жол ақысының қымбаттағаны жайлы кондуктордың айтқан сөзі видео жазбаға түсіп қалған. Бейнежазба қаладағы «Боулинг» аялдамасында кешкі уақытта түсірілген. Ал негізі жол ақысы қала бойынша 80 теңге.

Болған жайт бойынша қалалық әкімдіктегі  коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі бөліміндегілер түсініктеме берді.

«Тура қазір сол қоғамдық көліктің жүргізушісі мен кондукторын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Видеода автобустың мемлекеттік номері көрінбеген. Сондықтан анықтауға айтарлықтай уақыт кетеді. Жүргізуші мен кондуктордың кім екені анықталған сәтте оларға арнай шара қолданамыз. Жұмыстан шығаруымыз да мүмкін» ,-деді  жолаушылар көлігі секторының орынбасары Ескендір Қабидұлла.

Бұған дейін тура осы қаладағы жол бойында төбелескен кондукторлар жайлы жазған болатынбыз. Оқиға Бұқар жырай көшесінің бойында болған. Сондай-ақ бақылау камераларына түсіп қалған еді.

Жол-потрульдік полиция қызметкерлерінің арқасында төбелес ұйымдастырған азаматтар ұсталған. Олар оқиғаны түсіндіріп беру мақсатында қалалық полиция бөліміне жеткізілген еді. Болған жайт бұзақылық бойынша қарастырылып сот алды тергеу жұмыстары басталып кетті.

Талқылау