Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жоғалған қыз жаңалықтардан анасының шексіз махаббатын оқып үйіне өзі оралды

Қарағандыда үш күн хабар-ошарсыз кеткен 13 жастағы мектеп оқушысы Диана Нұрманбаева үйіне оралды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20170514110213

Жаңалықтар сайтынан анасының қызына деген шексіз махаббатын оқыған қыз үйіне өзі келген.

«Табылғанына қатты қуаныштымын. Ештеңе сұрамадым, полицияға іздеу ісін тоқтатсын деп айтуға бара жатырмыз», – деді оның анасы Алтынай Нұрманбаева.

Жоғалып кетер алдында анасы мен қызының арасында оның сабаққа кешіккеніне байланысты жағымсыз әңгіме болады. Ренжіп қалған мектеп оқушысы құрбысына кетіп қалып, үш тәулік бойы анасымен байланысқа шықпаған.

Қазіргі уақытта 2 жасөспірімді іздеу жалғасуда. 15, 17 жастағы туыс апалы-сіңлілі  Елдана Исламшейх пен Ботакөз Қайырбаева 8 мамырда  қыдыруға шыққан. Содан Қарағандыда Сортировкада жоғалып кеткен. Олар жайында мәлімет білетін азаматтардан 102 нөміріне немесе таяу полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.

Тағы да оқыңыз:

Қой құлағының ішінен тістері бар ауыз шықты (видео)

Сәбит Абдыхалықов: Елдің қолына су құйып жүргеніміздің өзі үлкен мәртебе

Баспанасын бұзуға келіспеген Астана тұрғынының үйі мен пәтері бар болып шықты

Талқылау