Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жоғалған қыздың анасы жазалануы мүмкін

Қарағанда қаласында жоғалған Дарья Пахатаеваның анасы бала алдындағы міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жазалануы мүмкін.

image

Бұл туралы Today.kz хабарлайды.

“Полицейлер анасының қызының қандай киім киіп кеткенін білмейтінін айтқан кезде наразылық танытқан… Ол бастапқыда Дарья джинсы шалбармен кетті деген. Артынша шалбары туралы қысқа мәлімет берген.

Алайда полицейлер қыздың киімдері тұрған шкафты ақтарып жатып әлгі джинсыды тауып алған. Анасы кешірім сұрап, мүмкін қысқа балақ шалбар киген болар деген”, – дейді волонтер Владимир Шаблов.

Қыздың осы уақытқа дейін де бірнеше рет үйден кеткені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, қыз 33-ші шахта ауданында жоғалған. Соңғы рет тұрғындар оны мектеп алаңынан көрген. Артынша үш күннен кейін туған-туысқандарының үйінен табылған.

Талқылау