Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жас жұбайлар автокрандармен ерекше той кортежін жасады (видео)

Қарағандыда жас жұбайлар ерекше той кортежін жасады. Күйеужігіттің өзі кран жүргізушісі болғандықтан кортежді осы ауыр техникалармен жасауды жөн көріпті.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

11 автокраннан тұратын кортежді көрген тұрғындар қайран қалысты. Күйеужігіттің бұл идеясын әріптестері қолдай кетіп, олар да атсалысқан. Тойға сый ретінде қосымша Гелендваген мен лимузин көлігін жалдаған.
– Той кортежін қымбат қылып жасайтын жағдайым жоқ. Бірақ есте қаларлықтай өтуін қаладым. Достарымнан көмек сұрап едім, олар ойымды құптай кетті, – дейді күйеужігіт.

Ал, қалыңдық бұл жайттан бейхабар болған екен. Ол өзін мұндай тосынсый күтіп тұрғанын тек кешкісін ғана білген.

Күйеужігіт қалыңдығын көлік алдына отырғызып, кранды өзі жүргізді. Жол бойындағы өзге көліктер сигнал беріп, ықыласын білдіріп жатты.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда той кортежі жолдың бойында атыс жасады (видео)

Семейде той кортежі көпір үстіндегі қозғалысты жауып тастады (видео)

Шымкентте қымбат көлікті той кортежінің тайраңы жұрттың наразылығын туғызды

Талқылау